Қазақстан-Ресей шекарасындағы аумақта үлкен жүк кептелісі пайда болды - МКК жүргізушілердің өтініштеріне жауап берді

Қазақстан-Ресей шекарасындағы аумақта үлкен жүк кептелісі пайда болды - МКК жүргізушілердің өтініштеріне жауап берді
 «Сырым» автокөлік өткізу пунктінде, сондай-ақ бейтарап жолақта (ҚР мен РФ автокөлік өткізу пункттері арасындағы қашықтық) жүк автокөлік құралдарының кептелісі жоқ, деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде.
 
Кептеліс Ресей Федерациясы тарапынан «Маштаково» автокөлік өткізу пунктіне дейін пайда болды. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, кептелістің ұзындығы шамамен 7 шақырымды құрайды.
 
«Сырым» автокөлік өткізу пунктіне келген жүргізушілердің айтуынша, кептеліске ауа-райының қолайсыздығы және «Маштаково» автокөлік өткізу пунктіндегі жол төсемінің нашарлығының себебінен қозғалыс қиындады.
 
 «Сырым» автокөлік өткізу пунктінде 300 жүк автокөлік құралының кептелісі туралы ақпарат расталмаған және шындыққа сәйкес келмейді.
 
Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны сыртқы талдау және бағалау арнайы мониторингтік тобы басшысының орынбасары Б.Лаврентьев растады. 
 
Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары «Сырым» автокөлік өткізу пунктінде өз қызметін күшейтілген режимде жүзеге асыруда, Қазақстан Республикасы тарапынан автокөлік құралдарының кептелісі жоқ.