МКК төрағасы төлемдер динамикасы туралы айтты

МКК төрағасы төлемдер динамикасы туралы айтты

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы салықтар бойынша төлемдерге тоқталып, ішкі тауарларға қосымша кұн салығы  11%-ке төмендегенін жеткізді.

Марат Сұлтанғазиев атап өткендей, бұл ретте корпоративтік табыс салығы бойынша түсімдер 3,5%-ке өсті, Еуразиялық экономикалық одақтан қосымша құн салығы 2%-ке, сондай-ақ еңбекақы төлеу қорынан салықтар 5,3%-ке өсті.

Сонымен қатар, кедендік төлемдер бойынша ақпарды жеткізген МКК төрағасы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен бөлінген баждар 5,8%-ке, мұнай және мұнай өнімдеріне экспорттық баждар 51%-ке және үшінші елдерден қосымша құн салығы 3,7%-ке төмендеуі байқалып отырғанын жеткізді.

Ал, экономика секторлары бойынша, мұнай және металдар бағасының төмендеуі есебінен тау-кен өнеркәсібіндегі түсімдер 43%-ке азайды.

Бұл ретте көлік секторындағы түсімдер – 10%-ке, өңдеу өнеркәсібінде 9%-ке, құрылыста 2%-ке және саудада 1,4%-ке өсті.