«Жалпыға бірдей декларациялау»

«Жалпыға бірдей декларациялау»

 2020 жылғы 25 – 27 қаңтар аралығында Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің Жалпыға бірдей декларациялау басқармасымен бірлесіп «Жалпыға бірдей декларациялау» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жалпыға бірдей декларациялау жүйесін енгізу – көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін жеке тұлғалардың кірісі мен мүлкін бақылаудың тиімді жүйесін құру.

Семинарға тыңдаушы ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

26 қаңтар күні сағат 10.00-де семинар тыңдаушылары үшін Polycom ВКС арқылы Instagram (@umc_kgd_kz) тікелей эфирі арқылы дәріс оқылды.

Іс-шарада ҚР ҚМ МКК ОӘО басшысының орынбасары Серик Кенесович Биекенов модератор жұмысын атқарды.

 Дәріскер ретінде ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің  Жалпыға бірдей декларациялау басқармасының басшысы Дина Кабдылманаповна Кусаинова қатысты.

Қатысушылар жалпыға бірдей декларациялау кезеңдерімен, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырумен, кірістер мен мүлік туралы декларациямен, декларацияны тапсыру тәсілдерімен, жеке тұлғалардың декларациясын ұсынуымен, жеке тұлғалардың тұлғалардың декларациясындағы өзгерістермен, 2021 жылы кірістер мен мүлікті декларациялаумен танысты.

Семинардың қорытындысы бойынша 285 қатысушыға біліктілігін сәтті арттыруы туралы сертификаттар жіберіледі.