
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Павлодар облысындағы Мемлекеттік кірістер департаментіне
жаңа басшы тағайындалды
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымына 2021 ж. 11 қаңтарынан бастап Нұржанов Жәнібек Мәулітбекұлы тағайындалды. Осы жөнінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.
Нұржанов Ж.М. 1972 жылы туған. Жоғары экономикалық білімі бар. Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп, өсіруде.
Мемлекетік қызметтегі жалпы өтілі 21 жыл, оның ішінде 18 жыл басшылық лауазымдарын атқарған.
Салық органдарда 1997 ж. қарашасынан бастап Шығыс Қазақстан облысы бойынша Өскемен қаласы Салық комитетінің салық инспекторы, аға, бас салық инспекторы болып бастаған.
2000 ж. қазанынан 2004 жылдың қарашасына дейін – Астана қаласы ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігі жүйесінде әдіснама және салық салудың арнайы режимі басқармасының әдіснама және шағын бизнесті әкімшілендіру бөлімінің бас маманынан бастап, кейін Астана қаласы Алматы ауданы бойынша Салық комитеті Төрағасы орынбасары болған.
2004 ж. желтоқсанынан ҚР Ақтөбе қаласы бойынша Салық комитетінің Төрағасы, 2009 ж. сәуірінен Қостанай қаласы бойынша Салық басқармасының басқарма басшысы.
2010 ж. маусымынан бастап 2014 ж. қарашасына дейін Атырау облысы бойынша Салық департаментінде түрлі лауазымдарда: департамент басшысының орынбасары, Атырау қалалық Салық басқармасының басқарма басшысы, департамент басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2019 ж. шілдесінен бастап осы уақытқа дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Салықтық әдіснама мен Әкімшілендіру департаменттерін басқарған.
Нұржанов Ж.М. «Салық қызметінің үздігі» және «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгілерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.