ҚХР Мемлекеттік салық әкімшілігімен ынтымқтастықты нығайту

ҚХР Мемлекеттік салық әкімшілігімен  ынтымқтастықты нығайту

 

2020 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы М.Сұлтанғазиев ҚХР Мемлекеттік салық әкімшілігінің Комиссары Ван Цзюньмен екіжақты кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты форматтағы ынтымақтастық пен BRITACOM алаңындағы «бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберіндегі салық әкімшіліктерінің ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Төраға М.Сұлтанғазиев 2021 жылы BRITACOM Екінші конференциясын Нұр-Сұлтан қаласында өткізу бойынша дайындық жұмыстары туралы, сондай-ақ Қазақстанның Учжэнь іс-қимыл жоспары бойынша міндеттемелерін орындауы туралы, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы бастаған салық әкімшілігін цифрландыру жөніндегі жедел топтың жұмысы және орыс тілді елдерге арналған аймақтық салық академиясы (орталығы) ашылуы туралы хабарлады.

Өңірлік салық академиясының мәселелерін талқылай отырып, тараптар осы Орталықтың табысты және тиімді қызметін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті және BRITACOM хатшылығының базасында салық, көлік, логистика және гуманитарлық салаларда оқытылған арнайы жаттықтырушылар пулын қалыптастыру, бірлескен оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу және басып шығару бойынша жұмыстарды жалғастыруды, оларды «бір белдеу, бір жол» мүше елдердің салық қызметтері арасында одан әрі тарату үшін салықтық әкімшілендіру саласындағы өзекті тақырыптар бойынша әдістемелік нұсқаулар бойынша жұмыстарды жүргізуді келісті.

Екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікірталастар барысында қызметтер басшылары елдеріміздің салық органдары арасындағы өзара салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтарудың алдын алу туралы келісім шеңберінде мемлекеттердің салық органдары арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру қажеттілігі туралы идеяны қолдады.

Кездесу соңында тараптар қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылуын одан әрі пысықтау үшін, жақын арада сарапшылар деңгейінде екіжақты келіссөздер жүргізуге келісті.