ДКҰ-ның жоғарғы органына қатысу туралы

ДКҰ-ның жоғарғы органына қатысу туралы

 

         2020 жылғы 10-12 желтоқсан аралығында бейнеконференция форматында ДКҰ жоғары органы - Кеңестің кезектен тыс 137-сессиясы өтті, оған кеден әкімшіліктері мен халықаралық ұйымдардың 400-ден астам өкілі қатысты.

         Кеңес сессиясындағы Қазақстандық делегацияны ҚР ҚМ ММК Халықаралық қатынастар басқармасының басшысы Ермек Қожабергенов басқарды.

         Қатысушылар ұйымның өткен қаржы жылындағы жұмысының әр түрлі салаларындағы іс-шараларды қорытындылады және ДКҰ-ның 2021 жылға арналған «Кеден тұрақты жеткізілім тізбегі үшін қалпына келтіруді, жаңартуды және тұрақтылықты нығайтады» тақырыбына сәйкес COVID-19 дағдарысынан алынған сабақтарды ескере отырып, перспективалы бағыттарды белгіледі. Пікірталастар электрондық сауда-саттыққа, жолаушылар ағынын жеңілдетуге және бақылауға, COVID-19 пандемиясының салдарын жеңілдетудегі кеденнің рөліне және вакциналардың трансшекаралық қозғалысын жеңілдетуге бағытталған. ДКҰ Кеңесі кеден әкімшіліктерінің инклюзивтілігін арттыруға бағытталған күш-жігерге қатысты Гендерлік теңдік және кеден саласындағы әртүрлілік туралы декларацияны да бірауыздан қабылдады.

ДКҰ кеңесінің сессиясы кезінде сайлау және ДКҰ-ның негізгі жұмыс органдарының құрамына мүшелікті оның мүше елдері – Саяси комиссия, Қаржы комитеті, Аудит жөніндегі комитет, сондай-ақ барлық алты өңірдің Вице-төрағалары мен ДКҰ Кеңесінің Төрағасы арасында бөлу өткізілді.

Бахрейн ДКҰ кеңесінің Төрағасы болып Әзірбайжан Республикасы Еуропалық аймақтың Вице-төрағасы сайланды. Сессия шеңберінде Грек Республикасынан кандидат К. Кайопулос тарифтер және сауда жөніндегі ДКҰ Директоратының директоры лауазымына сайланды.

Қазақстан Республикасының Еуропа өңірінің «Шығыс» қосалқы өңірінен Қаржы комитетінің құрамындағы мүшелігі 2021 жылғы шілдеге дейін ұзартылды. Қаржы комитеті ДКҰ қызметінің негізгі бағыттарын қаржыландыруды айқындайды және бөледі, кеден ісі саласындағы халықаралық стандарттарды әзірлеуді бекітеді, ұйымның тиімділігін бағалайды және кеден ісі саласындағы стратегиялық сипаттағы басқа да мәселелерді қарайды.

         Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 30 маусымнан бастап Дүниежүзілік кеден ұйымының мүшесі болып табылады және содан бері ДКҰ-ның Тұрақты техникалық комитет, Қаржы Комитеті, Саяси комиссия тәрізді негізгі жұмыс органдарының, сондай-ақ халықаралық сауда рәсімдерін жеңілдетуге, тауарларды жеткізу тізбегінің халықаралық қауіпсіздігін нығайтуға және халықаралық кеден және сауда стандарттарын енгізуге бағытталған ДКҰ кеңесінің жұмысына және мүшелігіне белсенді қатысады.