
2020 жылғы 15 желтоқсанда ҚР ҚМ МКК төрағасы Марат Сұлтанғазиев «Жаңа сын-қатерлер, жаңа мүмкіндіктер және жаңа болашақ: жаһандық пандемия мәнмәтінінде салықтық цифрландыруды жоспарлау» тақырыбына мүше елдердің салық әкімшіліктері басшыларының қатысуымен «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде салық әкімшіліктері ынтымақтастығы форумының хатшылығы (БББЖ Хатшылығы) ұйымдастырған виртуалды конференцияға қатысты.
Бұл Конференция короновирустық инфекция пандемиясы басталғаннан бері жоғары деңгейдегі екінші үлкен іс-шара болды. Конференция барысында төраға М.Е. Сұлтанғазиев салық әкімшілігін цифрландырудың қазақстандық тәжірибесі туралы презентация жасады, атап айтқанда, жетістіктермен, жүргізіліп жатқан жұмыстармен және одан әрі цифрландырудың перспективаларымен бөлісті.
Сөзінің соңында, БББЖ Хатшылығының вице-төрағасы ретінде М.Е. Сұлтанғазиев 2021 жылы Қазақстанда «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында салық әкімшіліктерінің ынтымақтастық форумының екінші конференциясын өткізуге үміт білдірді.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар пандемия жағдайында көпжақты салықтық ынтымақтастықты нығайтудағы және салықтық цифрландыруды дамытудағы БББЖ Хатшылығы мен барлық мүше елдердің жұмысын қолдауға бағытталған бірлескен өтінішті қабылдады.