
Ағымдағы жылғы қаңтар-қараша айларында мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 102,5%, оның ішінде республикалық бюджет 98,7% және жергілікті бюджет 110,4% орындалды.
Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке түскен салық түсімдері өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 8,5%-ға (немесе 691,6 млрд.теңгеге) төмендеумен 7 472,0 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде республикалық бюджет бойынша 20,0%-ға (немесе 1 203,1 млрд.теңгеге) төмендеді, жергілікті бюджет бойынша 23,8%-ға (немесе 511,6 млрд. теңгеге) өсті.
Республикалық салықтар бөлігінде орындалмау КТС (0,6%-ға), ІТӨ-ге ҚҚС (3,9%-ға), 3-інші елдерден импортқа ҚҚС (4,0%-ға) және ЕАЭО елдерінен импортқа ҚҚС (1,8-ға) бойынша байқалады.
Көрсетілген салықтар бойынша түсімдер өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда КТС (28,9%-ға), ІТӨ-ге ҚҚС (8,0%-ға) және 3-інші елдерден импортқа ҚҚС бойынша (3,9%-ға) төмендеді.
Төмендеудің себебі сыртқы және ішкі факторларға байланысты экономикалық ахуалдың нашарлауы болып табылады.
2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнайға 35,7%, мырышқа 12,1%, қорғасынға 9,9% және алюминийге 7,0%, бағаның төмендеуі байқалады.
2020 жылғы 11 айда үшінші елдермен тауар айналымы 13,9%-ға төмендеді (экспорт 18,8%-ға, импорт 3,7%-ға).
2020 жылғы 11 айда іске асыру бойынша айналымдар 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 13,6%-ға төмендеді (90 698 млрд. теңгеден 78 400 млрд. теңгеге дейін).
Көрсетілген кезеңде бір салық төлеушіге онлайн БКМ орташа түсімі 9,3%-ға төмендеді (44,5 млн.теңгеден 40,4 млн. теңгеге дейін).
Коронавирустың таралуы ҚХР-мен көлік құралдары санының 4,8%-ға, оның ішінде автокөлік құралдарының 51,5%-ға төмендеуіне әкелді. Ағымдағы жылғы қаңтар-қазан айларында импорттың іс жүзіндегі көлемі 19,8%-ға төмендеді (2 005 мың тоннадан 1 607 мың тоннаға дейін).
Соның салдарынан, ҚХР-дан тауарлар импортынан кедендік баждар мен салықтардың түсімі 3,3%-ға немесе 11,0 млрд. теңгеге азайды.
2020 жылғы қаңтар-қарашада ЕАЭО елдерінен бөлінген баждар 8,9%-ға (299,2 млрд. теңгеден 272,7 млрд.теңгеге дейін) төмендеді.
Ағымдағы жылғы 11 айда жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері бойынша жоспар 249,7 млрд.теңгеге артық орындаумен, 110,4% орындалды.
ЖБ-ға салық түсімдері 2 658,6 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23,8%-ға (немесе 511,6 млрд.теңгеге) өсті.
Жергілікті бюджет жоспарының артығымен орындалуына корпоративті табыс салығының жергілікті бюджетке берілуі әсер етті.