
Салық міндеттемелердің орындалуын бақылау жұмысы жүйелі түрде жүргізіліп келеді және ұйымдастырушылық-құқықтық формасына байланысты емес. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осылайша, статистикалық мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылдың 10 айында камералдық бақылау арқылы салық төлеушілердің есеп беруіндегі 169 мың сәйкессіздіктерді анықталып, оларға тиісті хабарламалар жіберілген.
МКК коммерциялық емес ұйымдардың қызметі, салық заңнамасына сәйкес, салықтардың жекелеген түрлері бойынша салық салуға жатпайтынын еске салды. Осылайша, бірқатар кірістер корпоративтік табыс салығы мен ҚҚС-дан босатылады.
Сондай-ақ, грант қаражатынан төленген төлемдерге әлеуметтік салық салынбайды. Активтерге иелік ету кезінде коммерциялық емес ұйымдар салықтан босату немесе төмендетілген салық ставкасы түрінде салықтық жеңілдіктерге ие.
Комитетте атап өткендей, мұндай артықшылықтар аталған ұйымдардың қызметінде ашықтық мен айқындықты талап етеді.
Бұл ретте КЕҰ Салық кодексінің 29-бабына сәйкес салық органдарына шетел мемлекеттерінен, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақшаны және (немесе) мүлікті қабылдау, жұмсау туралы хабарлауға міндетті.
Ақшаны жарғылық қызметте көзделмеген мақсаттарға пайдалану фактісі анықталған жағдайда мұндай кірістерге жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салынады.
Осыған байланысты мемлекеттік кірістер органдары салықтық жеңілдіктерді қолдану негізділігіне бақылау жасайды.
МКК сонымен бірге, Салық кодексінің 29-бабының талаптарын бұзу өткен жылдары анықталғанын атап өтеді. Мәселен, 2018 жылы 4 факт, 2019 жылы 6 факт, 2020 жылдың 9 айында 4 факт анықталды.
Бұл орайда, ұйымдар бұрын жария етілмеген ақпаратты көрсететін қосымша есептілік ұсынуға құқылы.