2020 жылғы 23 қарашада бейнеконференция режимінде «Қазақстан Республикасы - Еуропалық одақ» Кедендік ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеттің 4- отырысы өтті

2020 жылғы 23 қарашада бейнеконференция режимінде «Қазақстан Республикасы - Еуропалық одақ» Кедендік ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеттің 4- отырысы өтті

2020 жылғы 23 қарашада бейнеконференция режимінде «Қазақстан Республикасы - Еуропалық одақ» Кедендік ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеттің 4- отырысы өтті.          Бұл келіссөздер алаңы, бір тараптан, Еуропалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және, екінші тараптан, Қазақстан Республикасы арасындағы 2015 жылғы 21 желтоқсандағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру шеңберінде құрылды.

Еуропалық одақ Қазақстан Республикасының негізгі сауда әріптестерінің бірі болып табылады, оның үлесіне қазақстандық сыртқы сауда айналымының 50%-на дейін келеді.

Еуропалық делегацияны Еуропалық комиссияның салық салу және Кеден одағы жөніндегі Бас директоратының Басқарма басшысы Фернандо Перрея де Пиннинк басқарды.

Қазақстан тарапының тең төраға ретінде ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары Қ.К. Жұмағұлов сөз сөйледі.

Кіші комитеттің отырысы барысында Тараптар кеден заңнамасындағы жаңалықтар мен кеден әкімшіліктері COVID-19 пандемиясы салдарының сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға әсерін жұмсарту жөнінде қабылдап жатқан шаралар туралы хабардар етті.  Тараптар сауда рәсімдерін жеңілдету, транзит еркіндігін ілгерілету, халықаралық кеден және сауда стандарттарын енгізу, есірткі құралдарының, прекурсорлардың және темекі өнімдерінің заңсыз айналымын болдырмау және жолын кесу бойынша әкімшілік өзара көмек тәрізді ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, ЕО қабылдаған азаматтардың экономикалық әл-ауқатын арттыруға, қосымша жұмыс орындарын құруға және Қытайдан Еуропаға жеткізу тізбегінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған Орталық Азия бойынша стратегия шеңберіндегі кедендік ынтымақтастықтың мүмкіндіктері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Тараптар Кіші комитет шеңберінде ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізді.