2020 жылғы 20 қарашада бейнеконференция режимінде Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) Еуропа өңірі басшыларының кезекті конференциясы өтті, оған Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті ДКҰ Еуропа өңірінің Вице-төрағасы ретінде төрағалық етті.
Конференция ұйымның даму мәселелерін алдын ала талқылау және қызметтің стратегиялық жоспарларын әзірлеу мақсатында жыл сайын өткізіледі, бұл ДКҰ-ның басты іс-шарасы - Ұйымға мүше барлық елдердің кеден қызметтері басшыларының қатысуымен Кеңес сессияларының отырыстары барысында шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.
Қазақстандық делегацияны ҚР ҚМ МКК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Е.К. Қожабергенов басқарды.
Конференция барысында қатысушылар COVID-19-ға қарсы күрес тәжірибесімен алмасты, ДКҰ-ның Өңірлік институционалдық даму кеңсесінің, Берген келісімін қайта қарау жөніндегі жұмыс тобының және ДКҰ шеңберінде Тиімділікті бағалау жүйесін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының есептерін тыңдап, қабылдады.
Конференция қорытындысы бойынша есеп қабылданды.