«Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін ЕАЭО сыртқы шекарасында мемлекеттік бақылаудың түрлерін жүзеге асыру»

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін ЕАЭО сыртқы шекарасында мемлекеттік бақылаудың түрлерін жүзеге асыру»

2020 жылғы 25-27 қараша аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Бақылау департаменті Транзит басқармасымен бірлесіп «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін ЕАЭО сыртқы шекарасында мемлекеттік бақылаудың түрлерін жүзеге асыру» тақырыбында Polycom БКБ, сондай ақ Webex Cisco бағдарламасы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.

Іс - шараның мақсаты – ЕАЭО кедендік шекарасында біріктірілген бақылау саласында мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру.

 Қатысушылар көліктік бақылауды жүзеге асыру ережелерімен, халықаралық қатынастағы көлік тасымалының рұқсат жүйесінің талаптарымен, автомобиль көлік құралдарының өлшем және габариттік параметрлерінің сақталу ережелерімен, «Көліктік деректер базасы» ақпараттық талдау жүйесіндегі жұмыспен, ЕАЭО кедендік шекарасында санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру тәртібімен таныстырылды.

Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің  қызметкерлері қатысты.

          26 қарашада сағат 10.00-де қашықтықтан оқытуда қатысушылар үшін  дәріс оқылды.           

           Дәріскерлер ретінде:

   - Муратбек Сайлауович Альжанов - ҚР ҚМ МКК Бақылау департаменті транзит басқармасының бас сарапшысы,

   - Надежда Шарилбековна Пиржанова - ҚР ҚМ МКК Бақылау департаменті транзит басқармасының бас сарапшысы,

   -Даулет Сабырұлы Атошев - ҚР ИжИДМ,  көлік Комитетінің бас сарапшысы,

   -Тимур Гилимбекович Атембеков -  ҚР ИжИДМ,  көлік Комитетінің бас сарапшысы,

    -Болат Саданұлы Қалмағанбетовт – Денсаулық сақтау минимстрлігі, Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау  департаменті басшысы орынбасарының м.а.,

     -Асемгуль Шеримбетовна Абатованың - Денсаулық сақтау минимстрлігі Мемлекеттік шекараны санитариялық қорғау бөлімінің басшысы   

Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторларға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша 75 қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар жіберіледі.