
2020 жылғы 02 – 16 қараша аралығында Оқу-әдістемелік орталығы Мемлекеттік кірістер органына алғашқы рет қабылданған мемлекеттік қызметкерлерге қашықтықтан кәсіби дайындау курсын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – Мемлекеттік кірістер органына алғашқы рет қабылданған мемлекеттік қызметкерлерге салықтық және кедендік әкімшілендіру бойынша кәсіби дағдыларды өңдеу.
Курсқа тыңдаушы ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері мен ҚР ҚМ МКК орталық аппараттың қызметкерлері қатысты.
Жоғарыда аталған кезеңде тыңдаушылар оқу жоспарына сәйкес ОӘО қашықтықтан оқыту порталында салықтық және кедендік әкімшілендіру бойынша модульдерді өз бетінше зерделеді.