Қазақстан мен Гонконг уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін өзара тану бойынша жұмыс істеп жатыр

Қазақстан мен Гонконг уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін өзара тану бойынша жұмыс істеп жатыр

       2026 жылдың 21-23 қыркүйегі аралығында Гонконг кеденінің делегациясы Қазақстанға сапар шекті. Сапар уәкілетті экономикалық оператор (УЭО) бағдарламаларын өзара тану туралы келісімді дайындау аясында өтті.

          УЭО — кеден заңнамасының талаптарын сақтайтын және кедендік рәсімдерден өту кезінде арнайы оңайлатуларды пайдалануға құқығы бар компаниялар. Мұндай мәртебе адал бизнеске кедендік бақылаудан жылдам өтуге және оған байланысты уақыт пен қаржылық шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.

          Сапар аясында Гонконг кеденінің өкілдері Қарағандыдағы отандық өндіруші және 2019 жылдан бері УЭО болып табылатын «Eurasian Foods» АҚ-на бардах. Гонконг делегациясы компанияның қызметімен танысып, УЭО бағдарламасының Қазақстанда қалай жүзеге асырылып жатқанын өз көзімен көрді.
          23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ұлттық кіріс комитеті мен Гонконг кеденінің өкілдері арасында екіжақты кездесу өтті. Қазақстан тарапы УЭО мәртебесін алу тәртібін, компанияларға қойылатын талаптарды және оларға қолданылатын кедендік жеңілдетулерді таныстырды.

          Тараптар УЭО бағдарламаларын өзара тану туралы келісім бойынша одан әрі жұмыс істеудің негізгі кезеңдері туралы келісті.
          Келісім жасалғаннан кейін УЭО мәртебесі бар және белгіленген талаптарға сай келетін компаниялар Қазақстан мен Гонконг арасындағы сыртқы сауда үшін ыңғайлырақ және жеделдетілген кедендік рәсімдерге сене алады.
          Бұл кедендік ресімдеу уақытын қысқартады, бизнес уақыты мен шығындарын азайтады, халықаралық жөнелтімдерді болжамды етеді және жеткізу тізбектерінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын жақсартады.
          Келісімге 2027 жылдың қыркүйегінде қол қойылады деп күтілуде.
          Қазақстан мен Гонконг сыртқы сауданы адал бизнес үшін жылдамырақ, ыңғайлырақ және қауіпсіз ету үшін жұмыс істеп жатыр.