
2026 жылғы 4 ақпан мен 31 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының базасында «Мемлекеттік кірістер органдарындағы тиімді менеджмент» бағдарламасы бойынша коучинг-тренингтер сериясын өткізді.
Бағдарлама аясында 5 коучинг-тренинг ұйымдастырылды:
4–6 ақпан – Ақмола облысы бойынша МКД (57 қатысушы);
25–27 ақпан – Атырау облысы бойынша МКД (62 қатысушы);
4–6 наурыз – Ұлытау облысы бойынша МКД (27 қатысушы);
18–20 наурыз – Шымкент қаласы бойынша МКД (60 қатысушы);
29–31 шілде – Маңғыстау облысы бойынша МКД (59 қатысушы).
Оқытуға мемлекеттік кірістер органдарының басшылық құрамындағы 265 қызметкер қатысты.
Тренингтерге мемлекеттік кірістер департаменттері басшыларының орынбасарлары, басқарма және бөлім басшылары, мемлекеттік кірістер басқармалары басшыларының орынбасарлары, сондай-ақ кеден бекеттері басшылары мен олардың орынбасарлары қатысты.
Бағдарламаның мақсаты – мемлекеттік кірістер органдары басшыларының басқарушылық құзыреттерін дамыту, көшбасшылық қасиеттерін жетілдіру, басқару тиімділігін арттыру және жұмысты ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін қалыптастыру.
Оқыту барысында стратегиялық жоспарлау, көшбасшылық, өзгерістерді басқару, тиімді кәсіби коммуникация, персоналды ынталандыру, командалық өзара іс-қимыл және басқару қызметінде коучинг құралдарын қолдану мәселелері қарастырылды.
Коучинг-тренингтердің спикерлері ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығының мамандары сөз сөйледі.
Бағдарламаның тәжірибелік бөлігінде қатысушылар «МКК/МКД/МКБ/кеден бекеттерінің 5 жылдан кейінгі келбеті» тақырыбында командалық жобаларды қорғап, мемлекеттік кірістер органдарының қызметін жетілдіруге, басқарудың заманауи тәсілдерін енгізуге және тиімді ұйымдық мәдениетті дамытуға бағытталған ұсыныстарын ұсынды.
Оқыту қорытындысы бойынша қатысушылар сауалнама жүргізуден өтіп, «Мемлекеттік кірістер органдарындағы тиімді менеджмент» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру сертификаттарына ие болды.