«Электрондық шот-фактуралар»

«Электрондық шот-фактуралар»

   2020 жылғы 11 – 13 қараша аралығында Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Әдіснама департаменті Заңды тұлғаларға салық салу Әдіснамасы басқармасымен бірлесіп «Электрондық шот-фактуралар» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – ЭШФ жазып беру тәртібін, құжат айналымы ережелерін, электрондық түрде жазып берілетін құжаттар бойынша,  электрондық шот-фактура нысанындағы негізгі өзгерістер және оны толтыру қағидалары туралы түсіндіру.

Семинарға тыңдаушы ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

А.ж. 12 қарашасында бейнеконференция Polycom БКБ, Instagram (@umc_kgd_kz)  тікелей көрсетілім арқылы трансляция жүргізілді, онда дәріскер ретінде ҚР ҚМ МКК Әдіснама департаменті Заңды тұлғаларға салық салу Әдіснамасы басқармасының бас сарапшысы Сунгат Серикович Исмурзин қатысты.

Қатысушылар ЭШФ нысанымен, міндетті түрде электронды ШФ жазумен, ЭШФ бланкісінің негізгі өзгерістерімен және  құжат айналымы қағидаларымен, ЭШФ дамыту міндеттерімен, орындалған жұмыстардың электрондық актісімен, ЭШФ толтыру тәртібімен танысты.

Семинардың қорытындысы бойынша 182 қатысушыға біліктілігін сәтті арттыруы туралы сертификаттар жіберіледі.