Құрметті салық төлеушілер!

Құрметті салық төлеушілер!

      Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 18-наурыздан бастап Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесінің Салық төлеушінің жаңа кабинетінде (СӘИЖ СТК) келесі салық есептілігі нысандарының жаңа нұсқалары бар екенін хабарлайды:

     - Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация (250.00 – СЕН);

    - Жер қойнауын пайдалануға арналған балама салық бойынша декларация (600.00 – СЕН);

    - Жұмыспен қамтуға көмектесу, міндетті медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларына, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа аударымдардың және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымдары есебі (641.00 – СЕН);

   - Көлік құралы салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша декларация (700.00 – СЕН).

     СӘИЖ Салық төлеушінің жаңа кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz  сілтеме арқылы өтуге болады.

     Сұрақтар туындаған жағдайда сіз knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы қолдау қызметіне жүгіне аласыз.

      Анықтама үшін. Салық есептілігінің нысандары сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі түсініктемелер «Есептілікті жасау бойынша түсінік берілген салықтық есептіліктің нысандарын және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығымен бекітілген.

     Назар аударыңыз! Салық төлеушінің ескі кабинетінде және СЕӨС АЖ-де 2026 жылға арналған СЕН жаңа нұсқалары қол жетімді емес.