
Жол картасының 3.7 тармағына сәйкес «ОӘО базасында қызметкерлерді оқытуды жүргізу» электрондық декларациялау орталығын (бұдан әрі - ЭДО) құру бойынша Комитеттің оқу-әдістемелік орталығы Комитеттің бақылау департаментінің тарифтік реттеу және құн басқармасымен бірлесіп «Кедендік реттеудің өзекті мәселелері» тақырыбына күндізгі семинар нысанында оқыту жүргізді.
Іс – шараның мақсаты - ЭДО қызметінің негізгі бағыттары бойынша білімді кеңейту және тереңдету, деректерді талдау және өңдеу тәсілдерін, әдістерін игеру, тәжірибе алмасу, бейінді және аралас құрылымдармен өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Дәріскерлер ретінде өз бағыттарындағы үздік тәжірибелі мамандар тартылды:
- «Кедендік төлемдер мен салықтар. Кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу. Жеңілдіктер, кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу мерзімдері мен тәртібі» - Асаубаева Куралай Саркытбековна, Комитеттің БД ТРҚБ бас сарапшысы.
- ««АСТАНА – 1» АЖ-да ТД толтыру тәртібі» - Алмазов Жанболат Мирамович - Комитеттің БД КОБ бас сарапшысы.
- «Гуманитарлық, өтеусіз көмек кезінде кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден босатуды ұсыну тәртібі» - Есалиева Дамиля Орынходжаевна, Комитеттің БД ТРҚБ бас сарапшысы.
- «ЕАЭО СЭҚ бірыңғай тауар номенклатурасы. Тауарларды ЕАЭО – ға сәйкес жіктеу» - Абдыкерова Светлана Жанузаковна, Комитеттің ӘД ТСжШЖБ басшысы.
- «Экспорттық бақылау. Қос мақсаттағы тауарларды сәйкестендіру» - Карисов Берік Канатович, Комитеттің БД ЭББ бас сарапшысы.
- «Контрабанданы және кеден ережелерінің бұзылуын анықтау» - Бимаканов Ерлан Думанович, ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Жедел департаментінің 1 жедел басқармасының аға жедел уәкілі, Абильдин Алтай Шахизаданович, ҚР ҚМ ҚМК жедел департаментінің 4 жедел басқармасының аға жедел уәкілі, Жангазинов Мади Куандыкович, ҚР ҚМ ҚМК жедел ақпаратты талдау басқармасының аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі.
Семинар қорытындысы бойынша 17 тыңдаушы біліктілікті табысты арттыру туралы сертификаттар алды.
Комитеттің пилоттық жобаларының қызметін жетілдіру жөніндегі жұмысты Оқу-әдістемелік орталығы одан әрі оқыту және біліктілікті арттыру саласында жүргізетін болады.