
Мемлекеттік кірістер органдарындағы салықтық және кедендік қатынастардағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу мемлекеттік кірістер органдары қызметінің басым бағыты болып табылады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, жаңа инновациялық шаралар мен әдістерді қолдануға (автоматтандыру,цифрландыру) негізделген.
2020 жылғы 6 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша толықтыру енгізуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғанын атап өткен жөн.
Осы шаралардың бірі - мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасыларының донордың пайдасына жасаған әрекеттері үшін сыйлықтарға, материалдық сыйақыларға және қызмет көрсетулерге толықтай тыйым салу (2 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшердегі сыйлық әкімшілік жауапкершілікке, 2 айлық есептік көрсеткіштен жоғары мөлшердегі сыйлық қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады).
Сонымен қатар, егер мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарды заңсыз іс-әркеттер жасаса, оның ішінде сыбайлас жемқорлық белгілері бар болса, «Электрондық шағымдар кітабы» электронды қызметімен, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер департаментінің немесе Комитеттің «сенім» 8/7172/71 – 80 – 05 телефоны арқылы хабарласуға болады.
Әрбір осындай факт бойынша тексеру шаралары оларды жасаудың белгіленген себептері мен шарттарымен, сондай-ақ шараларды қолданумен жүзеге асырылады.