Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша өзгерістер

Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша өзгерістер

2026 жылғы 21 - 23 қантар аралығында Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Әдіснама департаменті, Салықтық әдіснама басқармасымен бірлесіп, «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша өзгерістер»  тақырыбында қашықтықтан оқу семинарын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – 2026 жылы күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі жағдайында жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықты әкімшілендіру мәселелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің кәсіби құзіреттерін арттыру және практикалық дағдыларын жетілдіру.

Семинарға тыңдаушы ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

Тыңдаушылары үшін Polycom платформасы арқылы дәріс оқылды, дәріскер ретінде:

Аббасова Айгуль Айдаркановна – ҚР ҚМ МКК Әдіснама департаменті, Салықтық әдіснама баскарма басшысының орынбасары сөз сөйледі.

Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.

Семинар қорытындысы бойынша   191 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификат алды.