«Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншікті сақтау және қорғау мәселелері» тақырыбында қашықтықтан өткізілетін семинардың баспасөз-релизі
2020 жылғы 21-23 қазан аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы«Болотов и партнеры» ЖШС-мен бірлесіп «Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншікті сақтау және қорғау мәселелері» тақырыбындаPolycomБКБ арқылы қашықтықтан семинар өткізді.
Іс - шараның мақсаты – мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне:(зияткерлік меншік құқықтарын қорғау ерешеліктерімен танысу, түсінік беру, сабақтас құқықтар туралы түсінік, сауда белгілері, тауарлар мен қызметтердің халықаралық жіктемесі, тауарлық белгіні бұзумен күресу, құқықтарды қорғау тәсілдері жайында болды).
Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
22 қазанда сағат 10.00-де қашықтықтан оқыту тыңдаушылары үшін дәріс оқылды.
Дәріскер ретінде:
- Жанат Амантаевич Нурмагамбетов «Болотов и партнеры» ЖШС-ың аға заңгері қатысты.
Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша 81 қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар жіберіледі.