
«Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кіріс органдарымен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі бойынша тексерілетін салық төлеушіге қатысты сақтандыру міндеттемелері туралы қорытындыны ұсыну нысанын, тәртібін және мерзімін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 15 қазандағы №609 және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2025 жылғы 16 қазандағы №66 бірлескен бұйрығына.
Бұйрық Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 52-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі бойынша тексерілетін салық төлеушіге қатысты сақтандыру міндеттемелері туралы қорытынды беру бойынша Мемлекеттік кірістер органдары мен Қаржы нарығын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және қаржы ұйымдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.
Аталған бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді.