Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы

Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы

       «Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 293 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 қазандағы  № 561 бұйрығына.

       Бұйрықпен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі бұйрығымен бекітілген Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидаларының ережелері жаңа Салық кодексіне сәйкес келтірілген.

      Мәселен, Ережеде жаңа Салық Кодексінің баптарының нөмірленуі өзгертілді, сондай-ақ салықтар бойынша аудиторлық қорытындының нысаны пысықталды.

     Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 2 қазандағы № 37041 болып мемлекеттік тіркеуден өтті.

     Аталған бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді.