
2025 жылғы 4 қарашада МКК төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметовтің төрағалығымен қант, сауда, тамақ, құрылыс, франчайзинг және коллекторлық салалардың өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жаңа Салық кодексін енгізу бойынша шараларды жүзеге асыру мәселелерін талқылау, сондай-ақ салааралық қауымдастықтар белгілеген өзекті мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу болды.
Кездесу барысында салық реформасының негізгі бағыттары қаралды, оның ішінде фармацевтика саласындағы ҚҚС салу мәселелері, шикі қант импортына жеңілдіктерді алып тастау, арнайы салық режимін қолданудың ерекшеліктері, сондай-ақ франчайзинг және коллекторлық салалардың өкілдерінің ұсыныстары талқыланды.
Сонымен қатар, жаңа Салық кодексі ашықтыққа және сенімге негізделген әділ және заманауи салық салу жүйесін қалыптастырудағы негізгі құрал болатыны атап өтілді.
Арнайы назар жаңа жағдайларға біртіндеп өтуге, ең алдымен микро және шағын бизнестің өкілдеріне беріледі.
Комитет салық органдары мен салық төлеушілер арасындағы сервистік өзара әрекеттесу моделін толық енгізу үшін қажетті шараларды қолға алуда.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша тараптар әрі қарай ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдіріп, жаңа Салық кодексін тиімді енгізуге бағытталған практикалық ұсыныстарды әзірлеу бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.