Мемлекеттік кірістер органдарындағы тиімді менеджмент

Мемлекеттік кірістер органдарындағы тиімді менеджмент

      2025 жылдың 29-31 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті базасында «Мемлекеттік кірістер органдарындағы тиімді менеджмент» бағдарламасы бойынша аралас форматта коучинг-тренинг өткізді.

      Іс-шараға Абай облысы бойынша МКД басшысының орынбасарлары, басқарма және бөлім басшылары, аудандық мемлекеттік кірістер басқармалары басшыларының орынбасарлары, сондай-ақ кеден бекеттерінің басшылары мен олардың орынбасарлары қатысты.

       Бағдарламаның мақсаты – мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің негізгі басқарушылық құзыреттерін дамыту. Тренинг барысында стратегиялық жоспарлау, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, өзгерістерді басқару және тиімді кәсіби коммуникация сияқты маңызды бағыттар қарастырылды.

Оқыту нәтижесінде – басқарушылық қызметтің сапасын арттыру және белгіленген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз ету көзделуде.

      Коучинг-тренинг спикерлері:

  • Джетибаева Алия Муратхановна – ҚР ҚМ Заң қызметі департаментінің директоры;
  • Кушубаева Динара Шаменовна – ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаментінің директоры;
  • Кобекаева Ирина Ахсарбековна – ҚР ҚМ МКК ОӘО-ның Біліктілікті арттыру және кәсіби даярлау бөлімінің бас маманы.

      Тренинг барысында қатысушылар:

  • басқарушылық қызметті жоспарлау, ұйымдастыру және бақылаудың заманауи әдістерін меңгерді;
  • персоналды ынталандырудың тиімді тәсілдері мен көшбасшылық әлеуетті дамыту дағдыларын игерді;
  • басқару процесінде коммуникативтік дағдылар мен коучинг элементтерін тиімді қолдануды үйренді;
  • заманауи басқарушылық модельдерін талдап, ұжымда өзара әрекеттесу дағдыларын жетілдірді.

        Ерекше назар коучинг қағидаттарына негізделген «МКД/МКБ/КБ-нің 5 жылдан кейінгі көрінісі» тақырыбындағы жобалық жұмысты қорғауға аударылды. Қатысушылар өз жобаларында даму стратегиясының негізгі бағыттарын ұсынып, ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізуде коучинг тәсілінің маңыздылығын атап өтті.

       Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар қорытынды сауалнама толтырып, «Мемлекеттік кірістер органдарындағы тиімді менеджмент» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру сертификаттарын алды.