«Азаматтық бақылау – чекті талап ет» акциясы қатысушыларына 4 млн.теңгеден астам сыйақы төленді

«Азаматтық бақылау – чекті талап ет» акциясы қатысушыларына 4 млн.теңгеден астам сыйақы төленді

«Азаматтық бақылау – чекті талап ет» акциясы қатысушыларына

4 млн.теңгеден астам сыйақы төленді

 

«Азаматтық бақылау – чекті талап ет» жыл сайынғы акциясы 12 мамырдан бастап өткізілуде. Оның шеңберінде азаматтар фискалдық чектің берілмеуіне және банктік картаны қабылдаудан бас тартуға қатысты бұзушылықтар туралы хабарлай алады.

«Азаматтық бақылау – чекті талап ет» акциясына барлық адамдардың қатысуына болады. МКК барлық жолданған өтініштерді мемлекеттік кірістер органдарында қаралатынын айтты.

App Store және Play market-тен «Wipon» мобильді қосымшасын тегін жүктеу арқылы фискалдық чектің берілмеуі және банктік картаны қабылдаудан бас тарту фактілері туралы хабарлауға және бұзушылық фактілері расталған жағдайда телефон теңгеріміне сыйақы (1000 теңге) алуына болады.

Акцияны жүргізу басталғаннан бастап ағымдағы жылы азаматтардың хабарламалары бойынша 4262 бұзушылық фактілері расталды, оларға 4262 млн. теңге сомасында сыйақы төленді (оның ішінде қайта чек бермеген 191 кәсіпкерлерге 6,5 млн. теңге айыппұл салынды).

Акцияны пайдаланатын азаматтардың белсенділігі бойынша көшбасшылар үштігіне Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облысының тұрғындары кіреді.

 

Акцияны пайдаланатын азаматтардың белсенділігі бойынша өңірлер көшбасшылары

Маңғыстау облысы

1 113

Солтүстік Қазақстан облысы

1 016

Қарағанды облысы

993

 

Анықтама ретінде:

Барлығы 11 498 өтініш берілді

4 262 жағдайда чек бермеу фактісі расталды

 

Чек бермеу бойынша бұзушылықтар санының көшбасшылары Алматы облысы, Солтүстік Қазақстан облысы және Батыс Қазақстан облысы болып табылады.

 

Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын өз азаматтық ұстанымын білдіруге, заң бұзушылыққа төзбеушілігін көрсетуге және «Азаматтық бақылау – чекті талап ет» акциясына белсенді қатысуға шақырады.