
Аманжол Жомартұлы Жақанов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.
1995 жылы Қостанай ауылшаруашылық институтын «Экономист-ұйымдастырушы» мамандығы бойынша, 2000 жылы Қазіргі гуманитарлық институтты «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2019 жылы М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Қостанай қалалық салық инспекциясында 1-санаттағы маман лауазымынан бастаған. Бас маман, бөлім басшысы, аудандық салық басқармаларының басшысы, сондай-ақ Қостанай және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшысы және басшы орынбасары қызметтерін атқарған.
2020 жылдың шілде айынан бастап Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарған.