Esil University және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті: білім жолындағы әріптестік!

Esil University және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті: білім жолындағы әріптестік!

       26 қыркүйек күні ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері «Цифрландыру жағдайында Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

       Іс-шара аясында:
• МКК төраға орынбасары Жәнібек Нұржанов жалпы отырыста «Жаңа Салық кодексі салықтық режимдерді жеңілдетіп, бизнесті қолдайды» тақырыбында баяндама жасады.
• Оқу-әдістемелік орталықтың лекторы «Қазақстандағы минималды ғаламдық салық: ЭЫДҰ (Pillar Two) ережелерін енгізу және салықтық жеңілдіктер жағдайында QDMTT рөлі» тақырыбында доклад ұсынды.

       Сонымен қатар, МКК мен Esil University-дің бірлескен жұмысының нәтижесі – «Қаржылық сауаттылықты арттыру негіздері» атты оқу құралы таныстырылды. Бұл еңбекте салық мәдениеті, жалпыға бірдей декларациялау, жеке тұлғалардың банкроттығы және басқа да маңызды тақырыптар қамтылған. Оқулық студенттерге және қаржылық білімін кеңейткісі келетін баршаға пайдалы болады.

       Оқу-ағарту министрлігі «Қаржылық сауаттылықты арттыру негіздері» пәнін міндетті оқу бағдарламасына енгізуді жоспарлап отыр.

       Бұған дейін МКК мен Esil University арасында жастардың қаржылық сауаттылығын дамытуға бағытталған стратегиялық әріптестік туралы Меморандумға қол қойылған болатын.