ЭШФ АЖ-да техникалық жұмыстарды жүргізу туралы

ЭШФ АЖ-да техникалық жұмыстарды жүргізу туралы

          Құрметті салық төлеушілер!

        ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 27 қыркүйекте сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде жүйенің жұмыс қабілеттілігін арттыру мақсатында техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды. Көрсетілген уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі  қолжетімді болмайды.

       Бұл ретте, «ЭШФ» АЖ-нің қолжетімсіздігіне  байланысты, қажет болған жағдайда салық төлеушілер 2025 жылғы 27 қыркүйекке ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және  «ЭШФ» АЖ енгізуге құқылы екенін хабарлайды: 

       - 2025 жылғы 28 қыркүйектен бастап бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;

       - 2025 жылғы 29 қыркүйектен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.

Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.