«Трансферттік баға белгілеу» семинар өтті

«Трансферттік баға белгілеу» семинар өтті

      2025 жылғы 17-18 қыркүйек аралығында Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Мамандандырылған департаментінің Трансферттік баға белгілеу басқармасымен бірлесіп «Трансферттік баға белгілеу» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.
      Іс-шараның мақсаты – өзара тәуелді тұлғалар арасындағы мәмілелерді тиімді бақылау және салық салудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін трансферттік баға белгілеу саласындағы мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің кәсіби білімі мен практикалық дағдыларын арттыру.
       Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
       Семинар тыңдаушылары үшін Polycom арқылы дәріс оқылды, дәріскер ретінде:
       -    Абдуохапов Наурызбек - ҚР ҚМ МКК Мамандандырылған департаментінің Трансферттік баға белгілеу басқармасының бас сарапшысы сөз сөйледі.
        Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
        Семинар қорытындысы бойынша 77 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификат алды.