Алматыда мемлекеттік кірістер органдары басшыларына арналған оныншы коучинг-тренинг өтті

Алматыда мемлекеттік кірістер органдары басшыларына арналған оныншы коучинг-тренинг өтті

       2025 жылғы 16-18 қыркүйек аралығында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Мемлекеттік кірістер органдарында тиімді менеджмент» тақырыбында мерейтойлық, оныншы коучинг-тренинг өтті.

       Оқу бағдарламасы мамандардың негізгі басқарушылық құзыреттерін дамытуға бағытталды, оның ішінде:

  • стратегиялық жоспарлау,
  • көшбасшылық қасиеттер,
  • өзгерістерді басқару,
  • кәсіби ортада тиімді өзара іс-қимылды құру.

       Тренингке МКД басқармалары мен бөлімдерінің басшылары, МКБ басшылары мен орынбасарлары, сондай-ақ кеден бекеттерінің өкілдері қатысты.

       Іс-шараның басты қорытындыларының бірі – «МКК, МКД, МКБ және К/Б-нің 5 жылдан кейінгі көзқарасы» тақырыбындағы жобаларды қорғау болды.

       Сонымен қатар, коучинг соңында кәсіби құзыреттілікті арттыру мақсатында МКД және МКБ қызметкерлеріне «сұрақ-жауап» форматында жеке тұлғаларды декларациялау мәселелері бойынша қолданыстағы заңнама және 2026 жылдан бастап енгізілетін өзгерістер жөнінде түсіндірмелер берілді.

       Алматы қаласы бойынша МКД ұжымына оқу үшін қолайлы жағдай жасағаны үшін, сондай-ақ тренинг қатысушыларына — бастамашылдығы мен тәжірибемен бөлісуге дайындығы үшін алғыс білдіріледі.

      МКК қызметкерлеріне арналған келесі тренинг 30 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында өтеді.