Контрафактілік өнімдерді анықтау және анықтау

Контрафактілік өнімдерді анықтау және анықтау

       2025 жылғы 27 – 28  тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі –ОӘО), S&O IP «Smitt & Orlov intellectual Property» Компаниясымен бірлесіп Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Б.Қонысбаев» кеден бекетінің базасында «Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарын өткізді.

      Аталған семинардың мақсаты - контрафактілік өнімді анықтау бойынша қызметкерлердің құзыретін арттыру болып табылады.

      Күндізгі оқу семинарына Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері қатысты.

     Дәріскерлер ретінде;

     - ОӘО Біліктілікті арттыру және кәсіби даярлау бөлімінің бас маманы - Айгелов Асылхан;

    - «Smitt & Orlov intellectual Property» Компаниясының өкілі - зияткерлік меншік бойынша аға заңгер - Темірхан Нуркелді қатысты. 

      Семинардың қорытындысы бойынша 12 қатысушы біліктілігін сәтті аяқтағаны туралы электронды сертификат алды.