
2025 жылғы 25 – 26 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі –ОӘО), S&O IP «Smitt & Orlov intellectual Property» Компаниясымен бірлесіп Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Шымкент-Әуежай» кеден бекетінің базасында «Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарын өткізді.
Аталған семинардың мақсаты - контрафактілік өнімді анықтау бойынша қызметкерлердің құзыретін арттыру болып табылады.
Күндізгі оқу семинарына Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері қатысты.
Дәріскерлер ретінде;
- ОӘО Біліктілікті арттыру және кәсіби даярлау бөлімінің бас маманы - Айгелов Асылхан;
- «Smitt & Orlov intellectual Property» Компаниясының өкілі - зияткерлік меншік бойынша аға заңгер - Темірхан Нуркелді қатысты.
Семинардың қорытындысы бойынша 10 қатысушы біліктілігін сәтті аяқтағаны туралы электронды сертификат алды.