
Мемлекет басшысымен 2025 жылдың 15 шілдесінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды.
Жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңімен енгізу шеңберінде Қазақстан Республикасында салық декларациясын беру рәсімдерін жетілдіруге бағытталған бірқатар өзгерістер енгізілді және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың 1-3 кезеңіне кірмеген шетелде активтері, мүлкі және банктік шоттары бар тұлғаларды қоспағанда, азаматтардың қалған санатын (зейнеткерлер, жеке құрылымдардың қызметкерлері, студенттер, үй шаруасындағы әйелдер және т. б.) міндетті декларациялаудан босату туралы шешім қабылданды. Бұдан басқа, Бейрезидент болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру міндеттемесі алынып тасталды.
Енгізілген өзгерістен кейінгі активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын (250.00 нысан) ұсынуға міндетті тұлғалар:
1) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы» және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР заңдарына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар;
2) ҚР шегінен тыс жерлерде меншік (талап) құқығында мынадай мүлік:
құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге жататын мүлік;
шетелдік банктердегі банктік шоттардағы барлық банктік салымдар бойынша жиынтығында айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы ақша;
инвестициялық алтын;
ҚР шегінен тыс жерлерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі;
эмитенттері ҚР аумағында тіркелген бағалы қағаздар базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздарды қоспағанда, эмитенттері ҚР шегінен тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздар;
шетелдік брокерлік шоттардағы ақша;
ҚР шегінен тыс жерлерде зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;
ҚР шегінен тыс жерлерде басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешек);
құны АЕК-тен 1000 есе асатын басқа мүлік (міндетті емес) (егер бағалау құны болса);
3) цифрлық активтері болған жағдайда ҚР азаматтары, Қазақстан Республикасының резиденттері;
4) жеке практикамен айналысатын адамдар.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетілуге жататын мәліметтер тізбесі бөлігіне толықтырулар енгізілді, атап айтқанда:
шетелдегі брокерлік шоттардағы ақша көрінісі енгізілген;
құны 1000 АЕК-тен асатын басқа мүлікті декларациялау бойынша бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құны болған кезде мүлікті декларациялауға да рұқсат етілген, бұл ретте бағалау құны 15 қыркүйектен кешіктірілмей айқындалуға тиіс;
дебиторлық және кредиторлық берешектің активтері мен міндеттемелері туралы декларацияда көрсету тәртібі қайта қаралды, сондықтан нотариалды куәландырылған шарттың болуымен қатар, енді дебиторлық және кредиторлық берешектің болуын:
жеке тұлға мен заңды тұлға және (немесе) дара кәсіпкер, оның ішінде бейрезидент болып табылатын адам арасында – салыстыру актісі және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт болған кезде;
заңды күшіне енген сот шешімімен растауға болады;
бағалы қағаздар бойынша эмитенттері Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген бағалы қағаздар, цифрлық активтер базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздарды көрсетуді көздейтін жаңа редакция баяндалған;
Енгізілген өзгерістерге сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларациясын (270.00 нысан) ұсынуға міндетті тұлғалар:
1) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар;
2) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инвестициялық портфельді басқаратын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары, сондай-ақ олардың резидент ерлі-зайыптылар;
3) коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшыларын (қатысушыларын) қоспағанда, жарғылық капиталындағы үлестің (акционерлік қоғам акцияларының) 10 пайыздан астамын иеленетін заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың резидент ерлі-зайыптылар;
4) жеке практикамен айналысатын адамдар;
5) кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістерді қоспағанда, есепті салықтық кезеңде жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын кірісті алған тұлғалар;
6) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚР шегінен тыс жерлерде орналасқан шетелдік банктердің банк шоттарында жиынтығында айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы бар тұлғалар;
7) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлкі бар тұлғалар;
8) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншігінде цифрлық активтері бар тұлғалар;
9) ҚР және (немесе) оның шегінен тыс жерлерде есепті салықтық кезең ішінде құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 20 000 еселенген мөлшерінен асатын мүлікті:
мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті;
мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді;
заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін;
бағалы қағаздарды;
туынды қаржы құралдарын (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда);
тұрғын үй құрылысына қатысу үлесін;
инвестициялық алтынды сатып алған тұлғалар;
10) салық агентіне өзге шегерімдердің алдын ала сомасы түрінде салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініш ұсынған тұлғалар.
Кірістер мен мүлік туралы декларацияны жасау ерекшеліктері бойынша:
Декларацияда мүлікті сатып алу және (немесе) иеліктен шығару туралы, сондай-ақ сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсетуге міндетті тұлғалардың санаттары қайта қаралды. Сонымен, аталған мәліметтерді «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес осындай міндет жүктелген адамдардан басқа:
банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары, инвестициялық басқарушылар және олардың резидент-жұбайлары;
жарғылық капиталдағы үлесінің (акционерлік қоғамдардың акцияларының) 10 пайызынан астамын иеленетін заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың резидент-жұбайлары;
есепті салық кезеңі ішінде ҚР-да және (немесе) одан тыс жерлерде құны 20 000 АЕК-тен асатын мүлік сатып алған тұлғаларда көрсетуге міндеттелді.
Электрондық түрде:
Қағаз түрінде: