
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Е.С. Никитинскаяның депутаттық сауалына.
Тәуекелдің құндық индикаторларын қалыптастыру жағдайы туралы.
МКК кедендік бақылау нысандарын саралап қолдану мақсатында СЭҚ қатысушыларды тәуекелдің жоғары, орта және төмен деңгейі санаттарына жатқыза отырып, бағдарланған-субъекті тәсілін қолданады. Санаттарға бөлу үшін салық, кеден және басқа да мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған СЭҚ қатысушылары туралы мәліметтер пайдаланылады (ИДМ Инвестициялар комитеті, Бас прокуратураның ҚСжАЕК, ҰЭМ Статистика комитеті, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі).
Санаттарға бөлу нәтижесінде СЭҚ 29%-ы төмен тәуекел деңгейі санатына, 65%-ы орташа тәуекел деңгейі санатына және 6%-ы жоғары тәуекел деңгейі санатына жатқызылған.
АСТАНА-1 АЖ декларациялардың 69%-ын (кедендік бақылау шараларын қолданбай) автоматты түрде шығарды, КД-ның 23%-ы құжаттамалық бақылау үшін іріктелді және КД-ның 8%-ы физикалық бақылау (кедендік тексеру, сараптама) жүргізу үшін іріктелді.
2017 жылы «ҚХР экспорты – ҚР импорты» кедендік статистикасындағы деректердің алшақтығы 6,9 млрд.АҚШ долларын құрағанын атап өткен жөн (ҚХР деректері бойынша ҚР-ға экспорт 11,6 млрд.АҚШ долл., ҚР деректері бойынша-4,7 млрд.АҚШ құрады). ҚХР мен ҚР-да қолданылатын әдіснамалардағы айырмашылықтан басқа, статистиканың алшақтығының себептері кедендік құнды дұрыс мәлімдемеу және ҚХР-дан әкелінетін тауарларды дұрыс декларациялау болып табылады.
Осыған байланысты, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Қытай тарапымен келіссөздер жүргізді, нәтижесінде 26.04.2019 ж. Бейжің қаласында ҚР ҚМ мен ҚХР МТУ арасында ҚР мен ҚХР кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпаратпен алмасу туралы хаттамаға қол қойылды (қол қойылған сәттен бастап күшіне енді). 2019 жылы ақпарат алмасудың техникалық шарттары пысықталды, содан кейін 2020 жылдың қаңтарынан бастап ҚХР кеден қызметі экспорттық декларациялар бойынша алдын ала ақпарат жібере бастады.
Ағымдағы жылдың сәуір айында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті ҚХР кеден органдарынан алынған мәліметтерге сәйкес 1698 тауар позициялары бойынша тәуекелдің құндық бейіндерін өзектендірді. Бұл ретте, тәуекел бейіндері адамның қатысуынсыз тәуекел декларацияларын автоматты түрде іріктеу үшін АСТАНА-1 АЖ-ға енгізілді.
ҚХР алдын ала ақпараты негізінде тәуекелдің құндық индикаторларының деңгейі өскен болатын, атап айтқанда ол тауарлар: автобөлшектер 0,7-ден 5,9-ға долларға дейін, АҚШ / кг (8,5 есе); электрондық ойындар 1,5 доллардан 14,7 долларға дейін, АҚШ / кг (9,8 есе); бадам және пісте 0,55-тен 3,34 долларға дейін, АҚШ долл. (6 есе); полиэфир талшықтарынан жасалған маталар 0,8-ден 6,7 долларға дейін, АҚШ долл. (8,4 есе); тоқылмаған материалдар 0,5-тен 8 долларға дейін, АҚШ доллары (16 есе); қозғалтқыштар 0,8-ден 15,4 долларға дейін, АҚШ долл. (19,3 есе) құраған болатын. Барлық осы сандар ҚХР экспорттық кедендік декларациялары бойынша деректермен расталады.
2019 жылдың тамыз айында Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылымында өткізу пункттерінде кедендік операцияларды, ИДК түсірілімдерін (рентген) мониторингілеуді, импортқа арналған декларациялардың деректерін ҚХР-дан алынған мәліметтермен салыстыруды жүзеге асыратын «Ахуалдық орталық» құрылды.
2020 жылғы 15 қыркүйектен бастап «Электрондық декларациялау орталығын» іске асыру пилоттық жобасы іске қосылды, оның мақсаты кедендік құнды Комитет деңгейінде құжаттамалық бақылау, тауарларды жіктеу және тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен (ИМ-40) орналастыру кезінде жеңілдіктер мен босатулар берудің заңдылығын бақылау болып табылады, бұл бүкіл республика бойынша баға саясатының және қабылданатын шешімдердің біркелкілігін қамтамасыз етеді. Бірінші кезеңде пилотқа Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің кеден бекеттері тартылған.
Бұдан басқа, қазіргі уақытта «Атамекен» ҚР ҰКП-мен бірлесіп тауарлардың кедендік құнын әкімшілендіруге байланысты проблемалық мәселелерді пысықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде, тәуекелдің құндық индикаторларын және бағалық ақпаратты қалыптастыру әдістемелері әзірленіп, талқылануда, кедендік құнды реттеудің негізгі, өзекті мәселелеріне қатысты ұсынымдар әзірленді және МКК ресми сайтына орналастырылды, кедендік құнды әкімшілендірудің проблемалық мәселелерін талқылау үшін «Кедендік құн» телеграм-чаты құрылды.
СЭҚ-қа қатысушыларды ақпараттандыру мақсатында, сондай-ақ аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының өкілеттіктерді теріс пайдалануына жол бермеу үшін МКК ресми сайтында «Кедендік құн» бөлімі құрылды, онда тәуекелдің құндық бейіні деңгейіне барынша жақындатылған тауарлар бойынша бағалық ақпарат, нормативтік-құқықтық актілер және кедендік құн бойынша түсіндірулер орналастырылған.
Мемлекеттік кірістер комитеті қабылдаған тауарлардың кедендік құнын әкімшілендіруді күшейту шаралары айналы статистикадағы алшақтықты 2020 жылдың 1 жарты жылдығында 38,5%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік берді (ҚХР экспорты – 4,0 млрд.АҚШ доллары, ҚР импорты – 2,5 млрд.АҚШ).
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті