Мемлекеттік кірістер комитеті бірінші жартыжылдықтың қорытындыларын шығарды – жыл соңына дейінгі міндеттерді айқындады

Мемлекеттік кірістер комитеті бірінші жартыжылдықтың қорытындыларын шығарды – жыл соңына дейінгі міндеттерді айқындады

       2025 жылғы 25 шілдеде Мемлекеттік кірістер комитетінде аумақтық департаменттер мен аудан басшыларының қатысуымен кеңейтілген Алқа отырысы өтті.

       Күн тәртібінде — І жартыжылдықтың жұмыс қорытындылары, өзекті мәселелер мен жылдың екінші жартысына арналған басымдықтар талқыланды. Алқа отырысы Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Жандос Дүйсембиевтің төрағалығымен өтті. Негізгі назарда — бюджетке кірістердің түсуі, бизнесті жүргізу үшін әділ жағдай жасау, салықтық және кедендік әкімшілендіру сапасын арттыру.

       Жиынның мақсаты — тек қорытынды шығару ғана емес, сондай-ақ жүйелі проблемаларды анықтап, басымдықтарды белгілеу және жыл соңына дейін нақты міндеттерді айқындау болды.

       Әрбір өңір басшысы өз жұмыс нәтижелері бойынша деректерді ұсынып, негізгі жетістіктер мен бар кемшіліктерге ерекше назар аударды.

       Алқа отырысы барысында Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы аумақтық бөлімшелер ұжымдарында қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде тапсырма берді. Қызметтік ақпараттың негізсіз таратылуына жол бермеу қажет екені атап өтілді. Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерімен Этикалық кодекс нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың алдын алу мақсатында тұрақты түрде профилактикалық жұмыс жүргізу тапсырылды. Сондай-ақ еңбек заңнамасын, қызметтік тәртіпті қатаң сақтау және жұмыс уақытын ұтымды әрі тиімді пайдалану міндеттелді.

       Мемлекеттік кірістер комитетінің стратегиялық басымдықтары өзгеріссіз қалады мемлекеттік кірістерді толық әрі уақтылы жинауды қамтамасыз ету; салықтық және кедендік рәсімдерді тиімді әкімшілендіру; көлеңкелі экономикамен күрес; клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру; үдерістерді цифрландыру; салық төлеушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу; ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету.

       Президент қол қойған жаңа Салық кодексінің ережелерін іске асыруға ерекше назар аударылды. Оның маңыздылығын ескере отырып, Жандос Дүйсембиев қысқа мерзім ішінде ауқымды ақпараттық-түсіндіру науқанын жүргізуді тапсырды. Бұл шара Байланыс орталықтары мен аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттеріне түсетін жүктемені азайтып, салық төлеушілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік береді.

       Алқа отырысы ашық диалог, өзекті мәселелерді талдау және 2025 жылдың қалған айларына басымдықтарды нақты айқындау үшін тиімді жұмыс алаңына айналды. Жеткізілуі тиіс нақты мақсаттар белгіленіп, олар бойынша жекелеген жауапкершілік жүктелді.