
2025 жылғы 16–18 шілде аралығында Оқу-әдістемелік орталық Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен және Ұлттық қадағалау операторы – «Ғарыш техникасы және технологиялар институты» ЖШС-нің «Транзит» орталығымен бірлесіп, «POLIKOM» платформасы және ZOOM бейнебайланысы арқылы «Жүктердің орын ауыстыруын қадағалау үшін навигациялық пломбаларды енгізу бойынша кешенді жұмыс» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.
Семинардың мақсаты – Комитеттің аумақтық бөлімшелері қызметкерлерін навигациялық пломбаларды қолдану арқылы жүктерді қадағалау жүйесін енгізуге және «Транзит» ақпараттық жүйесінің функционалымен таныстыру.
Іс-шараға кедендік әкімшілендіру және бақылау басқармаларының, шекара маңындағы кеден бекеттерінің, сондай-ақ кедендік ресімдеу орталықтарының өкілдері қатысты.
Дәріскерлер ретінде:
Курбат Александр Леонидович – ҚМ МКК Кедендік бақылау департаментінің Транзит басқармасының бас сарапшысы;
Кальтиева Диляра Равильевна – «Ғарыш техникасы және технологиялар институты» ЖШС-нің «Транзит» орталығы директорының орынбасары сөз сөйледі.
Семинар барысында қатысушылар өзекті сұрақтар қойып, лекторлар тарапынан жан-жақты және кәсіби жауаптар берілді.
Онлайн-семинарға барлығы 144 адам қатысты.
Аталған іс-шара қызметкерлердің кәсіби құзыреттерін арттырып, транзиттік тасымалдарды цифрландыру, қадағалау және заманауи технологиялық шешімдерді енгізу мәселелерінде өзара іс-қимылды нығайтуға септігін тигізді.