
2025 жылғы 2 – 4 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы ҚМ МКК Салықтық әкімшілендіру департаментінің Қашықтықтан мониторингтеу басқармасымен бірлесіп «Камералдық бақылауды жүргізудің тәртібі мен мерзімдері. Камералдық бақылау хабарламалары бойынша тексеруді тағайындау» тақырыбына Polycom бейнеконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – қатысушылардың камералдық бақылау туралы хабардарлығын арттыру, бұл олардың құқықтары мен міндеттерін жақсырақ түсінуге, камералдық бақылау нәтижелеріне уақтылы жауап беруге және ықтимал бұзушылықтарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Семинар тыңдаушылары үшін Polycom БКБ байланысы арқылы дәріс оқылды, дәріскерлер ретінде:
- Еламан Исабекович Есбенбетов - ҚР ҚМ МКК Салықтық әкімшілендіру департаментінің Қашықтықтан мониторингтеу басқармасы басшысының орынбасары;
- Гаухар Талгатовна Имангалиева - ҚР ҚМ МКК Салықтық әкімшілендіру департаментінің Қашықтықтан мониторингтеу басқармасы басшысының орынбасары қатысты.
Семинарға қатысушылардың тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
Семинардың қорытындысы бойынша 375 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификат алды.