СӘИЖ АЖ және СТК АЖ жүйелерінде техникалық жұмыстар туралы

СӘИЖ АЖ  және СТК АЖ жүйелерінде техникалық жұмыстар туралы

       Құрметті пайдаланушылар!

       Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті техникалық жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлайды.

       2025 жылғы 21 маусымда сағат 01:00-ден 03:00-ге дейін «Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі» (СӘИЖ) ақпараттық жүйесінде («Салық төлеушінің кабинеті» модульдері бойынша) техникалық жұмыстар жүргізіледі;

       2025 жылғы 21 маусым сағат 21:00-ден 22 маусым сағат 21:00-ге дейін СТК АЖ серверлерінде техникалық жұмыстар жүргізіледі.

      Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген уақыт аралығында «Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі» (СӘИЖ) ақпараттық жүйесінде  және «Салық төлеушінің кабинеті» (СТК АЖ) жүйелерінің кейбір сервистері қолжетімсіз болады.