«Кеден» АЖ-да кедендік реттеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға кедендік әкімшілендіру

«Кеден» АЖ-да кедендік реттеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға кедендік әкімшілендіру

       2025 жылғы 11-13 мауысым аралығында Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Кедендік бақылау департаментінің Транзит басқармасы және Кедендік операциялар басқармасымен бірлесіп ««Кеден» АЖ-да кедендік реттеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға кедендік әкімшілендіру»  тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.

      Іс-шараның мақсаты – «Кеден» АЖ-да кедендік реттеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға кедендік әкімшілендіру кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін олардың қызметін тиімді басқару және бақылау болып табылады.

       Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің  қызметкерлері қатысты.

      Семинар тыңдаушылары үшін Polycom  арқылы дәріс оқылды, дәріскерлер ретінде:

     - Нурдильданов Ерлан  – ҚР ҚМ МКК Кедендік бақылау департаменті, Транзит басқармасының cарапшасы және

   -  Турлыбеков Олжас   - ҚР ҚМ МКК МКК Кедендік бақылау департаменті, Кедендік операциялар басқармасының бас сарапшысы сөз сөйледі.

       Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.

       Семинар қорытындысы бойынша 150 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификат алды.