2026 жылғы 20 мамырда сағат 09:00-дан бастап 15:00-ке дейін «Ашық үкімет» (egov.kz) порталынды ««Қосылған құн салығы бойынша декларацияны (300.00 нысаны) алдын ала толтыру» сервисін жетілдіру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Egov.kz сайтына кіріп, https://dialog.egov.kz/conference/5857 сілтемесі бойынша аталған тақырыпта сұрақтарды қалдырыныздар.
Сұрақтарға ҚР ҚМ МКК Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаменті Үлкен деректермен жұмыс басқармасының бас сарапшысы Онайгалиева Айдана Құанышқызы жауап береді.
2026 жылғы 12-14 мамыр аралығында Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Ірі салық төлеушілер департаменті
Ірі салық төлеушілер басқармасымен бірлесіп, «MLI қолдану (салықтық базаны шайып кетуге және пайданы салық салудан
шығаруға қарсы шараларға қатысты салықтық келісімдерді орындау жөніндегі көпжақты конвенция)» тақырыбына қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – Мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне салық базасын азайтуға
және пайданы салық салудан шығаруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында салықтық келісімдерге қатысты шараларды орындау жөніндегі
Көпжақты конвенцияны (MLI) қолдану тәртібін түсіндіру.
Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.
Дәріскер ретінде:
- Санжар Мұхтарұлы Молдабеков – ҚР ҚМ МКК Ірі салық төлеушілер департаменті Ірі салық төлеушілер
басқармасының басшысы сөз сөйледі;
Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
Семинар қорытындысы бойынша 112 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификат алды.
Ақпараттық кеңістікте Қытай Халық Республикасынан гибридті көлік құралдарын импорттаған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың банктік шоттары жаппай бұғатталып жатқаны туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттың таралуына байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті келесіні хабарлайды.
BYD маркалы гибридті көлік құралдарын кедендік декларациялау кезінде жалған мәліметтер ұсынуға жол берген сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға анықталған бұзушылықтар туралы хабарламалар салық төлеушілердің жеке кабинеттеріне жолданды.
Бұл ретте аталған хабарламалар тек 450 сыртқы экономикалық қызметке қатысушы рәсімдеген 623 көлік құралына ғана қатысты, бұл қабылданып жатқан шаралардың жаппай сипатқа ие екендігі туралы таратылып жатқан ақпаратқа сәйкес келмейді.
Қолданыстағы заңнама аясында банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын шектеу шаралары тек 45 заңды тұлға мен жеке кәсіпкерге қатысты қолданылды.
Бақылау іс-шараларын жүргізуге гибридті көлік құралдарының электр қозғалтқышының 30 минуттық қуатына қатысты жалған мәліметтерді көрсету жағдайларының жиілеуі негіз болды. Бұл өз кезегінде кедендік баждарды төлеуден заңсыз босатуға ықпал еткен.
Объективті бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық бөлімшелеріне BYD маркасының ресми өкілі ұсынған көлік құралдарының зауыттық техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер берілді. Аталған мәліметтер мәлімделген деректердің дұрыстығын тексеру үшін пайдаланылатын болады.
Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтар мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және тексерілмеген мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырады.
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрілігің Мемлекеттік кірістер комитеті, хабарлайды.
ҚҚС бойынша декларацияны (300.00 СЕН) алдын ала толтыру, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде бар мәліметтер негізінде жүзеге асырылады, оның ішінде электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесі, салық төлеушілердің салық түсімдері және тауарларға арналған декларациялар қамтылады.
Қызмет Т-1 принципі бойынша жұмыс істейді, яғни ол бір күндік кідіріспен жаңартылады. Егер бүгін ЭШФ жазылса немесе ҚҚС есепке жатқызу туралы хабарлау жіберілсе, олар ертең ғана көрініс табады.
Бұл ретте, алдын ала толтыру сервисі "расталған" мәртебесі бар ҚҚС есепке жатқызу туралы хабарлаудан алынған деректерді ғана есепке алатынына назар аударамыз, сондықтан хабарламаларды мұқият және дұрыс толтыру ұсынылады.
Сонымен қатар, алдын ала толтыру қызметі камералдық бақылау хабарламаларының санын азайтуға көмектеседі және декларацияны толтыру кезінде тексеру және хабарлау үшін пайдаланылады.
Бұл ретте, сервис салық төлеушілердің өздері ұсынатын деректерді пайдаланады. Мұндай деректер кейінірек өзгеруі немесе нақтылануы мүмкін болғандықтан, бұл камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарлама алуға әсер етуі мүмкін.
Құрметті есеп жүйелерін әзірлеушілер және салық төлеушілер!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Сіздің назарыңызға, ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) рәсімдеу және электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) жазып беру қағидаларына сәйкес ТІЖ және ЭШФ жаңа нысандары әзірленгенін хабарлайды. Қазіргі уақытта аталған нысандар «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің тестілік серверінде қолжетімді https://test3.esf.kgd.gov.kz:8443.
Сонымен қатар, аталған нысандарды іске асыру барысында келесі өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз:
ТІЖ нысанында G-G10 бөлімдеріндегі бағандардың нөмірленуі өзгертілді және G6, G7, G10 бөлімдеріне «Тауар коды» өрістері қосылды.
ЭШФ нысанында:
Өзгертілген функционалмен танысып, қажет болған жағдайда аталған өзгерістерді есеп жүйелеріңізде ескерулеріңізді сұраймыз.
Әзірлеуші жиынтығы (ТІЖ, ЭШФ нысаны бойынша жаңартулары бар SDK) келесі сілтеме бойынша жүктеуге қолжетімді https://kgd.gov.kz/sites/default/files/ftpdata/ESF/esf-sdk-311225.rar.
Пайдаланушы нұсқаулығымен МКК сайтында келесі сілтеме арқылы танысуға болады https://kgd.gov.kz/ru/content/rukovodstvo-polzovatelya-1.
ТІЖ, ЭШФ нысанындағы өзгерістер бойынша сұрақтар туындаған жағдайда esfsd@kgd.minfin.gov.kz электрондық поштасына немесе +7 (7172) 72-51-61 телефон нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.
Құрметті салық төлеушілер!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының Салық кодексінің жекелеген нормаларын іске асыру шеңберінде (2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген) «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде «Қосылған құн салығы (ҚҚС) сомасын есепке жатқызу» бойынша мәліметтерді көрсету функционалы іске асырылғанын еске салады.
Ағымдағы жылдың басынан бастап аталған механизм толық көлемде жұмыс істейді және қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес алынған электрондық шот-фактуралар бойынша ҚҚС-ты есепке жатқызу тәртібін реттейді.
Төмендегі техникалық ерекшеліктерге назар аударамыз:
Техникалық сипаттағы сұрақтар туындаған жағдайда esfsd@kgd.minfin.gov.kz қолдау қызметінің электрондық поштасына (тәулік бойы) немесе 7 (7172) 72-51-61 телефон нөміріне (09:00-ден 21:00-ге дейін) хабарласуға болады.
2026 жылғы 12-15 мамыр аралығында Астана қаласында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен Түркия Республикасы Сауда министрлігі сарапшыларының 2025 жылдың қорытындысы бойынша сыртқы сауданың кедендік статистикасы деректерін салыстыру және әдіснамалық тәсілдерді келісу мәселелеріне арналған екінші отырысы өтті.
Отырыс барысында тараптар соңғы жылдардағы өзара сауданың статистикалық деректеріндегі алшақтықтардың динамикасын талқылады, сондай-ақ сыртқы сауданың кедендік статистикасын қалыптастырудың негізгі әдіснамалық аспектілерін қарастырды.
«Қазақстан Республикасының экспорты - Түркия Республикасының импорты» және «Қазақстан Республикасының импорты - Түркия Республикасының экспорты» бағыттары бойынша деректерді салыстыруға ерекше назар аударылды.
Сарапшылар 2025 жылғы статистикалық деректердегі бар алшақтықтардың себептеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізді, кедендік статистикалық ақпаратты қалыптастыру, өңдеу және талдау саласындағы тәжірибелерімен және үздік тәсілдерімен алмасты.
Қатысушылар жеке блок ретінде екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын, соның ішінде алмасатын мәліметтер тізбесін кеңейтуді, ақпараттық өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруді және өзара сауда деректерін салыстыру бойынша талдау жұмыстарын тереңдетуді қарастырды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2025 жылғы сыртқы сауданың кедендік статистикасы деректерін салыстыру жөніндегі сарапшылардың екінші отырысының Хаттамасына қол қойды, онда қол жеткізілген уағдаластықтар бекітіліп, өзара іс-қимылдың алдағы бағыттары айқындалды.
Бұл іс-шараны өткізу Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы серіктестікті нығайтудағы кезекті маңызды қадам болды, сондай-ақ екі елдің сыртқы саудадағы кедендік статистикасы деректерінің ашықтығын, сапасын және салыстырмалылығын арттыруға ықпал етеді.
2026 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы «Codecraft» ЖШС-мен бірлесіп «Кеден» ақпараттық жүйесінің сынақ нұсқасы бойынша офлайн-тренинг өткізді.
Іс-шараның мақсаты - санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру кезінде «Кеден» АЖ қолдану алгоритмі мен тәртібін түсіндіру.
Тренингке Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық бөлімшелерінен 17 қызметкер қатысты.
Дәріскер ретінде «Codecraft» ЖШС-нің техникалық қолдау маманы - Еламан Жасуланович Есмагамбетов практикалық сабақ өткізді.
2026 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Парламенттің VIII шақырылымы IV сессиясының жұмыс жоспары аясында азаматтардың банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру саласындағы заңнаманы іске асыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Талқылауға Сенат депутаттары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі өкілдері, сондай-ақ өзге де мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.
Отырыс барысында 2023 жылғы наурыздан бастап қолданыстағы «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру қорытындылары шығарылды. Осы кезеңде соттан тыс және сот банкроттығы рәсімдері бойынша жалпы сомасы шамамен 250 млрд.теңгені құрайтын міндеттемелер бойынша 66 397 азамат банкрот деп танылды. Бұдан бөлек, 1 118 азамат 20,4 млрд.теңге сомасына төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолданды, оның ішінде 402 борышкер бойынша төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарлары бекітілді.
Заңның халықтың борыштық жүктемесін төмендетуге және азаматтарды қаржылық оңалтудың тиімді тетіктерін қалыптастыруға ықпал ететіні атап өтілді. Сондай-ақ қатысушыларға рәсімдердің қолжетімділігін кеңейту, оларды қолдану тәртібін жеңілдету және борышкерлердің құқықтарын қорғауды күшейту бойынша заңнаманы жетілдіру нәтижелері таныстырылды.
Сонымен қатар талқылау барысында одан әрі нормативтік реттеуді талап ететін мәселелер айқындалып, азаматтардың банкроттығы мен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тетіктерін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді.
Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені төмендету және кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы жағдай жасау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылы микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін салықтық әкімшілендіруді оңайлату шараларын жалғастыру туралы шешім қабылдады.
Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында микро және шағын бизнес субъектілеріне қатысты салық заңнамасында белгіленген мерзімдерде төленбеген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер сомаcына, оның ішінде аванстық және ағымдағы төлемдер бойынша өсімпұл есептелмейді.
Бұл ретте аталған шара төлем көзінен ұсталатын салықтарға, импортталатын акцизделетін тауарларға салынатын акциздерге, импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығына, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерге қолданылмайды.
Жоғарыда көрсетілген салық кезеңі бойынша өсімпұл есептеу 2026 жылғы 31 желтоқсаннан кейін мынадай:
Қабылданған шара салықтық әкімшілендіруді одан әрі жетілдіруге, кәсіпкерлерге түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға, сондай-ақ сенім мен ашықтық негізінде мемлекет пен бизнес арасындағы әріптестік қатынастарды нығайтуға бағытталған.