ЭШФ-да 8 пайыз ҚҚС ставкасын қолдану жөніндегі пайдаланушы нұсқаулығы
ҚР Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 «Экономиканы одан әрі тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы» жарлығына сәйкес ЭШФ АЖ-де ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 01 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату және импорттау бойынша айналымдарды жасау кезінде 8% ҚҚС ставкасын қолдану тетігі іске асырылды.
СЭҚ ТН коды бар әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларының тізбесімен сондай-ақ жүйені пайдаланушының жеке кабинетінде «Виртуалды қойма» - «ВҚЖА» (виртуалды қойманың жаһандық анықтамалығы) мәзірінде танысуға болады (1-сурет).

1-сурет - «Әлеуметтік маңызы бар тауар» белгісі бар СЭҚ ТН кодтары
Сонымен бірге, СЭҚ ТН коды әлеуметтік маңызды ретінде ҚР Үкіметінің 145 қаулысымен айқындалмаған тауарларды да қамтуы мүмкін екенін назар аударамыз.
"Әлеуметтік маңызы бар тауар" белгісімен СЭҚ ТН кодын таңдау кезінде ЭШФ "Тауар, жұмыс, қызмет атауы" жолағында ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізбесіне сәйкес келетін тауарлардың атауын көрсету қажет.
8% ҚҚС ставкасын қолдану тек жоғарыда аталған СЭҚ ТН кодтарында және айналым жасау күні 2020 жылғы 27 наурыздан 30 қыркүйекке дейін көрсетілген кезде ғана қол жетімді және де әлеуметтік маңызы бар тауарларды көрсетуге арналған кодтар ретінде ЭШФ АЖ-де ұсынылған СЭҚ ТН кодтарын, сондай-ақ тауардың ҚР Үкіметінің 145 қаулысынан алынған тауарларға сәйкес келетін шарттарды сақтаған кезде пайдалануға рұқсат етіледі. (2-сурет)

2- сурет - ЭШФ-да ҚҚС мөлшерлемесінің 8% мөлшерін таңдау
Егер 8% ҚҚС ставкасы шот-фактураны өңдеу кезінде қате көрсетілсе, жүйе «ҚҚС ставкасының жол берілмейтін мәні» қатесі туралы хабарламаны көрсетеді (3-сурет).

3-сурет- ҚҚС ставкасының жол берілмейтін мәні