БОМКА
Серіктестермен және бенефициарлармен консультациялық кездесулерді аяқтайды. 8-9 Шілдеде Өзбекстанда БОМКА-10 дайындық кезеңі бағдарламасының консультациялық кездесулері өткізілді.
"Еуропалық Одақ Орталық Азия мемлекеттеріне шекара қауіпсіздігін жақсартуға және есірткінің заңсыз айналымымен күресуге, соның ішінде Орталық Азия мен Орталық Азиядан әлемнің басқа елдеріне адамдар мен тауарлар үшін шекарадан өтуді жеңілдетуге көмектесетін ұзақ мерзімді және табысты аймақтық БОМКА жобасын қолдайды."- деді Еуропалық Одақтың Өзбекстандағы Елшісі Шарлотта Адриан осы шараның ашылуында.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 14 маусым мен 9 шілде аралығында Орталық Азия мен Ауғанстандағы шекараларды басқаруға жәрдемдесу бағдарламасы (БОМКА) командасы Қауіпсіздік кеңестерінің, Сыртқы істер министрліктерінің, кеден және шекара қызметтерінің, көші-қон агенттіктері мен жергілікті даму агенттіктерінің, сондай-ақ Қырғызстандағы, Қазақстандағы, Тәжікстандағы, Түркіменстандағы, Өзбекстандағы және Ауғанстандағы Шекараларды басқару саласында жұмыс істейтін басқа да ведомстволардың өкілдерімен жобаның жұмыс жоспарының іс-шараларын нақтылау және дайындау мақсатында кездесті.