Меню

Страницы

Статья

Азаматтардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың тиісті салалардағы құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат

 

                     Қазақстан Республикасының Конституциясы
                                                             35 бап
       Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер турылы (Салық кодексі)

             Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы

2-тарау. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ ЖӘНЕ САЛЫҚ АГЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ. САЛЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДА ӨКІЛДІК ЕТУ

     13-бап. Салық төлеушінің құқықтары мен міндеттері

  1. Салық төлеуші:

      1) салық органдарынан қолданылып жүрген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат, Қазақстан Республикасының салық заңнамасын қолдану жөнінде түсіндірмелер алуға;

      2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарда жеке өзі немесе осы Кодекстің 16-бабына сәйкес заңды немесе уәкілетті өкілі арқылы немесе салық консультантының қатысуымен өзінің мүдделерін білдіруге;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шартты жасасуға;

      4) осы Кодексте белгіленген жағдайларда салықтық бақылау нәтижелерін алуға;

      5) салық органында салықтық өтініштердің белгіленген нысандарының бланкілерін және (немесе) электрондық нысанда салықтық есептілік пен өтінішті ұсыну үшін қажетті бағдарламалық қамтылымды тегін алуға;

      6) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, деңгейлес мониторинг нәтижелері туралы хабарламаға, салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарау қорытындылары туралы хабарламаға, сондай-ақ салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;

      7) ұсынылуы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлері, авиациялық отын, биоотын және мазут өндірісін және айналымын реттейтін заңнамасында көзделген ақпарат пен құжаттарды қоспағанда, салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге қатысы жоқ ақпарат пен құжаттарды ұсынбауға;

      8) осы Кодекстің 22-бабының 15-тармағында көрсетілген ақпараттық жүйеден контрагенттің сенімділігі және адалдығы туралы ақпарат алуға құқылы.

  1. Салық төлеуші салықтық міндеттемелерінің бар-жоғы туралы ақпарат беру мақсаттары үшін өзінің телефон нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайлары туралы мәліметтерді салық органына ұсынуға құқылы.
  2. Салық төлеуші:

      1) салықтық міндеттемелерді уақтылы және толық көлемде орындауға;

      2) салық органдарының талап етуі бойынша салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шартты және осындай шарт жасалған жағдайда, салықтар бойынша аудит қорытындысын ұсынуға;

      3) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлері, авиациялық отын, биоотын және мазут өндірісін және айналымын реттейтін заңнамасында көзделген ақпарат пен құжаттарды ұсынуға;

      4) бақылау-касса машиналарын қолданған кезде қойылатын талаптарды сақтауға;

      5) ауыспалы есептерді, қолма-қол ақшаны есепке алу кітаптары мен тауар чектерін, сондай-ақ жою, қайтару чектерін және жою мен қайтару операциялары жүргізілген бақылау-касса машиналарының чектерін басып шығарылған немесе толығымен толтырылған күнінен бастап бес жыл бойы сақтауға міндетті.

  1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді орындайды.

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Кодекс

    150-бап. Декларанттың құқықтары, міндеттері

    1. Декларант:

          1) кедендік бақылаудағы тауарларды қарап-тексеруге, өлшеуге және олармен жүк операцияларын орындауға;

          2) кеден органының Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» (бұдан әрі - Кодекс)

    37-бабына сәйкес берілген рұқсатымен кедендік бақылаудағы тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алуға;

          3) кеден органдарының лауазымды адамдары кедендік қарап-тексеру мен кедендік жете тексеру нысанында кедендік бақылау жүргізген кезде және осы адамдар тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алған кезде қатысуға;

          4) кеден органдарындағы өздері декларациялайтын тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін зерттеу нәтижелерімен танысуға;

          5) кеден органдарының немесе олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануға;

          6) өздері декларациялайтын тауарлар туралы мәліметтерді нақтылау үшін сарапшылар тартуға;

          7) Кодексте көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.

    1. Декларант:

          1) тауарларды кедендік декларациялауды жүргізуге;

          2) кеден органына Кодексте көзделген жағдайларда кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынуға;

          3) декларацияланатын тауарларды Кодексте көзделген жағдайларда не кеден органының талабы бойынша көрсетуге;

          4) кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуге және (немесе) Кодекске сәйкес оларды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуге;

          5) кедендік рәсімге сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын немесе  Кодекске сәйкес кедендік рәсімдерге орналастыруға жатпайтын тауарлардың жекелеген санаттарын пайдалану үшін белгіленген шарттарды сақтауға;

          6) Кодексте  көзделген өзге де талаптарды орындауға міндетті.

Дата публикации
10 января 2022
Дата обновления
10 января 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Ақпарат
14 октября 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді
Пайдалы ақпарат
14 октября 2026
Кедендік құнды бақылау: қандай жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы