Меню

Страницы

Статья

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары бойынша ақпарат

     

Бюджет пен автокөлік иелері мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 қаулысы қабылданды.
 
  ҚР Үкіметінің осы қаулысымен елге 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелінген "армян" автомашиналарын тіркеуге, оларды есепке қойғаны үшін алым (695 теңге) және "сары" түсті мемлекеттік нөмірді және техпаспортты (барлығы 12 мың теңгеге жуық) дайындағаны үшін мемлекеттік баж төлей отырып, мүмкіндік беріледі.
 
         Автокөлік иелерінің көрсетілген санаты кедендік баж, бастапқы тіркеу үшін алым және кәдеге жарату алымы түріндегі төлемдерден босатылатын болады.
 
    Аталған төлемдер көлік құралы Қазақстанда "тұрақты" есепке қойылған жағдайда ғана алынатын болады.
 
       Бұл ретте, автокөлік иелеріне меншік құқығын иеліктен шығаруға тыйым сала отырып, көлік құралдары толық тозғанға дейін оларды пайдалану мүмкіндігі беріледі.
 
  Бұдан басқа, Қазақстанда көлік салығын жыл сайын төлеу және техникалық байқаудан өту бойынша автокөлік иелерінің міндеті көзделеді.
 
          Өз кезегінде," армян " нөмірлері мен техпаспорттар Халыққа қызмет көрсету орталықтарында сақталады, олар көлік құралын елден тыс жерлерге әкету туралы шешім қабылдаған жағдайда автокөлік иелеріне қайтарылуы мүмкін.
 
      2020 жылғы 1 ақпаннан кейін елге әкелінген көлік құралдары тиесілі алымдарды, кедендік төлемдер мен салықтарды төлей отырып, белгіленген тәртіппен тіркелуге жатады, олай болмаған жағдайда олардың иелері заңнамада көзделген жауапкершілікке тартылатын болады.
 
     Қосымша ретінде Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясынан әкелінетін автомобильдер Қазақстанға кедендік қатынаста шектеусіз (одаққа кіру кезіндегі өтпелі ережелер шеңберінде) әкелінетінін хабарлаймыз.
 
     Қырғыз Республикасынан және Армения Республикасынан әкелінетін автомобильдерге қатысты көрсетілген мемлекеттердің ЕАЭО-ға қосылу шарттарына сәйкес белгілі бір шектеулер бар.
 
    ЕАЭО-ға кірмейтін елдерден жеке пайдалануға арналған автомобильдер ЕАЭО аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлемей бір жылдан аспайтын мерзімге уақытша әкелінуі мүмкін. Көрсетілген мерзімнен асқан жағдайда кедендік төлемдерді төлеу бойынша жауапкершілік туындайды. Бұл ретте мұндай автомобильдерге қатысты техникалық реттеу шаралары қолданылмайтынын атап өту қажет.
 
      РА және КР-дан Көлік құралдарын әкелу шарттары бөлігінде:
 
Армения Республикасының автомобильдері бойынша - 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы шартқа "шарттар және өтпелі ережелер" 3-қосымшаның 13-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары 2014 жылғы 10 қазанға дейін Арменияда кедендік ресімделмеген автомобильдерді Қазақстан Республикасының аумағына әкеле алады.
 
     Арменияда 2014 жылғы 10 қазаннан бастап 2020 жылғы 1 мамырға дейінгі кезеңде кедендік ресімделмеген автомобильдер шетелдік тауарлар деп танылады және кедендік бақылауда болады.
 
     Аталған автомобильдерді Қазақстан Республикасының аумағына Арменияда тұрақты тұратын адамдар ғана уақытша әкеле алады.
 
     Арменияда тұрақты тұрмайтын адамдар мен Қазақстан азаматтары көрсетілген автомобильдерді мынадай жағдайларда әкеле алады:
 
1) "жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы" ЕЭК Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешіміне 2-қосымшада көрсетілген мөлшерлемелер бойынша төленуге жататын кедендік баждар, салықтар сомаларының айырмасы мөлшерінде кедендік баждарды, салықтарды төлегеннен кейін және кедендік баждардың, салықтардың төленген сомалары мөлшерінде;
 
2) 3 жыл өткеннен кейін (яғни 2023 жылғы 1 мамырдан бастап) Армения Республикасы ЕАЭО СЭҚ ТН 8702, 8703 және 8704 тауар позицияларында сыныпталатын жеңіл және өзге де моторлы көлік құралдарының автомобильдеріне қатысты ЕАЭО БКТ белгіленген мөлшерлемелерді қолдануды бастағаннан кейін.
 
       Армения Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы Шартқа сәйкес осы автомобильдерге Кедендік бақылау 2014 жылғы 10 қазаннан бастап жүзеге асырылмайды.
 
    Қырғыз Республикасының автомобильдері бойынша - 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартқа "шарттар және өтпелі ережелер" 1-қосымшасының 24-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін Қырғыз Республикасында кедендік ресімделмеген автомобильдерді Қазақстан Республикасының аумағына әкеле алады.
 
         Қырғыз Республикасында кедендік ресімделмеген автомобильдер - 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде шетелдік тауарлар деп танылады және кедендік бақылауда болады.
 
    Аталған автомобильдерді Қазақстан Республикасының аумағына Қырғыз Республикасында тұрақты тұратын адамдар ғана уақытша әкеле алады.
 
    Қырғыз Республикасында тұрақты тұрмайтын адамдар көрсетілген автомобильдерді Қазақстан Республикасының аумағына мынадай жағдайларда әкеле алады:
 
1) "жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешіміне 2-қосымшада көрсетілген мөлшерлемелер бойынша төленуге жататын кедендік баждар, салықтар сомаларының айырмасы мөлшерінде кедендік баждар, салықтар төленгеннен кейін және кедендік баждардың, салықтардың төленген сомалары мөлшерінде;;
 
2) ЕАЭО СЭҚ ТН 8702, 8703 және 8704 тауар позицияларында жіктелетін жеңіл және өзге де моторлы көлік құралдарының автомобильдеріне қатысты ЕАЭО БКТ белгіленген мөлшерлемелерді Қырғыз Республикасы қолдана бастағаннан кейін 5 жыл өткеннен кейін (яғни 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап).
 
       Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы Шартқа сәйкес осы автомобильдерге Кедендік бақылау 2014 жылғы 01 қаңтардан бастап жүзеге асырылмайды.
Дата публикации
03 февраля 2021
Дата обновления
22 июня 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Ақпарат
14 октября 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді
Пайдалы ақпарат
14 октября 2026
Кедендік құнды бақылау: қандай жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы