Меню

Страницы

Статья

Жеке тұлғалардың мүлік салығы

  1. Сұрақ: Тұрғын үй нысандары бойынша мүлік салығы қалай есептеледі?

Жауап: Жеке тұлгалардың салық салынатын объектілер бойынша мүлік  салығын есептеу меншік құқығына иелік етудің іс жүзіндегі мерзімін ескере отырып  салық базасына тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі (ҚР Салық кодексінің 603-бабы). Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 600-бабына сәйкес жеке тұлғалардың объектілері (тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары) бойынша салық салынатын объектілердің құнын Мемлекеттік корпорация салықтық кезеңнен кейінгі әрбір жылдың 1 қантардағы жағдай бойынша айқындайды.

  1. Сұрақ: Мүлік салығын төлемеген жағдайда не болады?

Жауап: Салық төлеу мерзімі басталғаннан ол төленбеген жағдайда, салық органдары әрбір кешіктірілген күн үшін айыппұл есептеуді жүргізеді. Сонымен қатар, салықтық берешек өтелмеген кезде салық органы жеке тұлғаның салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама жібереді, ол 30 жұмыс күні ішінде орындалуы тиіс. Егер төленбеген берешек бір айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып кетсе, 31-ші жұмыс күні салық бұйрығы шығарылады. Ол табыс етілгеннен кейін бес жұмыс күні өткен соң, төлем жасалмаса, осындай салық бұйрығы мәжбүрлеп өндіріп алу үшін әділет органдарына немесе жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберіледі. Салық берешегін өндіріп алудың одан әрі шаралары атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады (шығыс операцияларын, мүлікті иеліктен шығару операцияларын тоқтата тұру, берешек сомасы 40 АЕК-тен асқан жағдайды шетелге шығуға тыйым салу және т.б.).

  1. Сұрақ: Мүлік салығы бойынша берешек сомасын қалай білуге болады?

Жауап: Салық берешегін Мемлекеттік кірістер комитетінің «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы, сондай - ақ portal.kgd.kz интернет-ресурсында және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында дербес тексеруге болады.



  1. Мүлік салығын төлеуден кімдер босатылады?

Жауап: жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:

Мыналар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:

1) Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған адамдар, үш дәрежелi Еңбек Даңқы орденiнің және «Отан» орденiнің иегерлері – Салық кодексінің 599-бабының 1) тармақшасында көрсетілген барлық салық салу объектiсінiң жалпы құнынан тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткiштің 1 000 еселенген мөлшері шегiнде;

2) Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар:

тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша;

үй жанындағы жер учаскелері бойынша;

құрылыс алып жатқан жерді қоса алғанда, жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша;

гараждар алып жатқан жер учаскелері бойынша;

Салық кодексінің 599-бабының 1) тармақшасында көрсетілген барлық салық салу объектісінің жалпы құнынан тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 500 еселенген мөлшері шегінде;

3) жетім балалар және 18 жасқа толғанға дейінгі кезеңге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар:

тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша;

үй жанындағы жер учаскелері бойынша;

құрылыс алып жатқан жерді қоса алғанда, жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша;

гараждар алып жатқан жер учаскелері бойынша;

Салық кодексінің 599-бабының 1) тармақшасында көрсетілген салық салу объектiлері бойынша;

4) бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі:

тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша;

үй жанындағы жер учаскелері бойынша;

құрылыс алып жатқан жерді қоса алғанда, жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша;

гараждар алып жатқан жер учаскелері бойынша;

5) «Батыр ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көпбалалы аналар, бөлек тұратын зейнеткерлер:

тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша;

үй жанындағы жер учаскелері бойынша;

Салық кодексінің 599-бабының 1) тармақшасында көрсетілген барлық салық салу объектiлерінiң жалпы құнынан тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткiштің 1 000 еселенген мөлшері шегiнде.

Салық кодексінің мақсаттары үшін бөлек тұратын зейнеткерлер деп заңды мекенжайы (олардың тұрғылықты мекенжайы) бойынша тек қана зейнеткерлер тіркелген зейнеткерлер түсініледі;

6) салықтық база Салық кодексінің 600-бабына сәйкес айқындалатын және салықты салық органдары Салық кодексінің 603 және 604-баптарына сәйкес есептейтін тұрғынжайлар мен басқа да объектілерді қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу объектiлері бойынша дара кәсiпкерлер;

7) көппәтерлі тұрғын үй алып жатқан жер учаскесіндегі пәтер (бөлме) меншік иесінің үлесі бойынша жеке тұлғалар – пәтердің (бөлменің) меншік иелері.

 

  1. Сұрақ: Мүлік салығын кім төлеуге міндетті?

Жауап: Салық кодексінің 597-бабының 1-тармағына сәйкес мынадай салық салынатын объектілерге иелік ететін жеке тұлғалар мүлік салығын төлеушілер болып табылады: үйлер, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар, орынтұрақ орындары және өзге де құрылыстар, құрылысжайлар, үй жайлар; жеке тұлғалар меншік құқығында тиесілі жер учаскелері (Салық кодексінің 599-бабы).

  1. Сұрақ: Неліктен маған мүлік салығы есептелді?

Жауап: Мүлік салығы тұрғын үйлерге, пәтерлерге, саяжай құрылыстарға, гараждарға және басқа да салық салынатын объектілерге  иелік ететін жеке  тұлғаларға есептеледі.

  1. Сұрақ: Өткен жылмен салыстырғанда салық сомасы неге өсті?

Жауап: ҚР Салық кодексінің 600-бабына сәйкес, Мемлекеттік корпорация салықтық кезеңнен кейінгі әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жеке тұлғалар үшін тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық салу объектілерінің құнын айқындайды. Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша мүлік салығын есептеу салық базасына тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы меншік құқығында нақты иелену мерзімін ескере отырып жүргізіледі (ҚР Салық кодексінің 603-бабы).

  1. Сұрақ: Менде жеңілдік бар болса, маған салық неге есептелді?

Жауап: Мүлік салығын төлеушілер болып табылмайтын жеке тұлғалар ҚР Салық кодексінің 597-бабында айқындалған. Бұл ретте осындай төлеушілердің бірқатар санаттары бойынша ҚР Салық кодексінің 597-бабының 2-тармағында көрсетілген шектер белгіленген, осы шектерден асып кеткен жағдайда салық төлеу бойынша салықтық міндеттеме туындайды.

Сұрақтар туындаған жағдайда 1414 Байланыс орталығы арқылы мемлекеттік кірістер органдарына немесе объект орналасқан жердегі мемлекеттік кірістер басқармасына тікелей жүгіну қажет.

  1. Сұрақ: Мен жылжымайтын мүлік объектісін сатып жібергенмін, салық неге маған есептелді?

Жауап: Салық салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың салығын есептеу Мемлекеттік корпорация ұсынған мәліметтер негізінде салық базасына тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы меншік құқығында нақты иелену мерзімін ескере отырып жүргізіледі (ҚР Салық кодексінің 603-бабы).

Бұл ретте салық сомасы әрқашан өткен жыл үшін ұсынылады. Мысалы, ағымдағы жылы біз 2025 жыл үшін мүлік салығын төлейміз.

Сұрақтар туындаған жағдайда 1414 Байланыс орталығы арқылы мемлекеттік кірістер органдарына немесе объект орналасқан жердегі мемлекеттік кірістер басқармасына жүгіну қажет.

  1. Сұрақ: Салық неге басқа меншік иесіне есептелді?

Жауап: Салық салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың салығын есептеу Мемлекеттік корпорацияның мәліметтері негізінде жүргізіледі (ҚР Салық кодексінің 603-бабы).

Бұл ретте салық сомасы әрқашан өткен жыл үшін ұсынылады. Мысалы, ағымдағы жылы біз 2025 жыл үшін мүлік салығын төлейміз.

Сондықтан, егер Сіз пәтеріңізді өткен жылы сатқан болсаңыз, ағымдағы жылы Сізге мүлікке нақты иелік еткен кезең үшін салық есептеледі.

Сұрақтар туындаған жағдайда 1414 Байланыс орталығы арқылы мемлекеттік кірістер органдарына немесе объект орналасқан жердегі мемлекеттік кірістер басқармасына жүгіну қажет.

  1. Сұрақ: Есептелген салық сомасымен келіспесем, қайда жүгінуім керек?

Жауап: Сұрақтар туындаған жағдайда 1414 Байланыс орталығы арқылы Мемлекеттік кірістер органдарына немесе объект орналасқан жердегі мемлекеттік кірістер басқармасына жүгіну қажет.

 

Дата публикации
22 сентября 2026
Дата обновления
24 сентября 2026
Тип
ТОП сұрақтар-жауаптар

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Ақпарат
14 октября 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді
Пайдалы ақпарат
14 октября 2026
Кедендік құнды бақылау: қандай жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы