Меню

Страницы

Статья

Тауарларға арналған декларацияның (ТД) 31-бағанын толтырудың дұрыстығы мен толықтығы

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушыларды тауарларға декларацияның (ТД) 31-ші бағанын дұрыс және толық толтыру туралы хабардар етеді.

     Тауарларға арналған декларацияның «Жүк орындары және тауардың сипаттамасы – Таңбалануы және саны – Контейнерлердің нөмірлері – Саны және айрықша ерекшеліктері» деген 31-бағаны мәлімделетін тауарды сәйкестендіруге және декларацияда мәлімделген мәліметтерді іс жүзінде өткізілетін тауармен салыстыруға мүмкіндік беретін толық ақпаратты көрсетуге арналған.

      Осы бағанды толтыру кезінде нені ескеру қажет?

     Тауарды декларациялау кезінде СЭҚ қатысушысы оның сипаттамасының толықтығын, дұрыстығын және бірмәнділігін қамтамасыз етуге тиіс.

     Тауардың сипатына және оны өткізу ерекшеліктеріне қарай 31-бағанда оны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтер, оның ішінде: тауардың атауы; модель, марка, артикул және басқа да айрықша сипаттамалары туралы мәліметтер; құрамы, дайындалған материалы және негізгі техникалық сипаттамалары (егер олар тауарды сәйкестендіру үшін маңызды болса); өндіруші және тауар белгісі туралы мәліметтер (тиісті жағдайларда); тауардың саны және өлшем бірлігі; орамасы, жүк орындары және олардың таңбалануы туралы мәліметтер; тауар контейнерлерде тасымалданған жағдайда контейнерлердің нөмірлері; кеден заңнамасында көзделген және тауарды сәйкестендіру үшін қажетті өзге де мәліметтер көрсетіледі.

     Маңызды: тауардың сипаттамасы нақты әрі ақпараттық мазмұнды болуы тиіс.

     Тауардың сипаттамалары мен түрін бірмәнді анықтауға мүмкіндік бермейтін тек жалпы сипаттағы тұжырымдарды пайдалану мәліметтерді қосымша нақтылау қажеттілігіне және қосымша бақылау іс-шараларының жүргізілуіне әкелуі мүмкін.

     Мысалы, «жабдық», «қосалқы бөлшектер», «пластмассадан жасалған бұйымдар», «электроника» сияқты жалпы сипаттамалардың орнына тауарды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нақты атауы мен сипаттамаларын көрсету қажет.

      Бұл не үшін маңызды?

     31-бағанда қамтылған ақпаратты кеден органдары кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде, оның ішінде: тауарды сәйкестендіру; мәлімделген мәліметтердің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексеру; декларациядағы мәліметтерді іс жүзінде өткізілетін тауарлармен салыстыру; кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеудің қолданылатын шараларын айқындау; белгіленген тыйымдар мен шектеулердің сақталуын тексеру; тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану; кедендік кейінгі бақылауды жүргізу мақсаттарында пайдаланады.

     Осылайша, тауар неғұрлым нақты әрі толық сипатталса, оны кедендік ресімдеу кезінде қосымша сұрақтардың туындау ықтималдығы соғұрлым төмен болады.

     СЭҚ қатысушыларына ТД-ны берер алдында 31-бағандағы мәліметтердің сыртқы экономикалық мәмілені сүйемелдейтін коммерциялық, көліктік және өзге де құжаттардағы мәліметтерге сәйкестігін тексеру ұсынылады.

     МКД СЭҚ қатысушыларын тауарларға арналған декларацияларды толтыруға жауапкершілікпен қарауға шақырады. Тауардың толық әрі дұрыс сипатталуы кедендік бақылаудың тиімділігін арттыруға, қосымша сұрау салулардың санын азайтуға және кедендік операцияларды жасау кезінде кідірістердің туындау тәуекелін төмендетуге ықпал етеді.

     Бұл ретте тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделетінін хабарлаймыз.

Дата публикации
28 августа 2026
Дата обновления
28 августа 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Ақпарат
14 октября 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді
Пайдалы ақпарат
14 октября 2026
Кедендік құнды бақылау: қандай жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы