Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда теміржол тасымалдары үшін транзиттік декларацияларды автоматты түрде шығару бойынша пилоттық жоба кеңейтілді

      Қазақстанда жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау кезінде транзиттік декларацияларды автоматты түрде шығару бойынша пилоттық жоба кеңейтілді. Бұл мемлекеттік, оның ішінде кедендік бақылаудан өту уақытын қысқартуға және теміржол өткізу пункттерінің өткізу мүмкіндігін арттыруға ықпал етеді.

      Жоба 2024 жылдан бастап контейнерлік пойыз тауарларды түсірмей Қазақстанның аумағы арқылы өтіп, әрі қарай үшінші елдерге бағыт алатын «өтпелі транзитті» дамыту шеңберінде іске асырылуда. Бірінші кезеңде транзиттік декларацияларды автоматты түрде шығару «Алтынкөл – Сарыағаш», «Алтынкөл – Морпорт», «Алтынкөл – Теміржол – Брест-Северный» бағыттарында енгізілді.

      Автоматтандырудың нәтижесінде бір контейнерлік пойыздың өткізу пунктінен өту уақыты 3 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарды. Бұл Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдарды дамыту және халықаралық теміржол қатынасының көлемін ұлғайту үшін аса маңызды.

     Жобаның нәтижелері көрсеткендей, 2025 жылы 137,5 мыңнан астам транзиттік декларация ресімделді, оның ішінде Еуропа бағыты бойынша – 4,8 мың, Орталық Азия бағыты бойынша – 105,4 мың, ТКД бағыттары бойынша – 27,2 мың декларация автоматты режимде шығарылды. 2026 жылғы 7 айда 92,1 мыңнан астам транзиттік декларация ресімделді, оның ішінде Еуропа бағыты бойынша – 13,2 мың, Орталық Азия бағыты бойынша – 58,3 мың, ТКД бойынша – 20,6 мың декларация автоматты түрде шығарылды.

     Оң нәтижелерді ескере отырып, 2026 жылғы 17 тамыздан бастап пилоттық жоба кеңейтілді. Транзиттік декларацияларды автоматты түрде шығару «Алтынкөл – Брест-Восточный – Брест-Центральный теміржол станциялары» және «Теміржол – Брест-Восточный – Брест-Центральный теміржол станциялары» маршруттарында да қолданылады.

     Жобаны кеңейту транзиттік тасымалдарды одан әрі жеделдетуге, рәсімдерден өту уақытын қысқартуға және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Дата публикации
19 августа 2026
Дата обновления
19 августа 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Ақпарат
14 октября 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді
Пайдалы ақпарат
14 октября 2026
Кедендік құнды бақылау: қандай жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы