Меню

Страницы

Статья

Қазақстан мен Өзбекстан шекара арқылы жүктердің өтуін оңайлату саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда

    2026 жылғы 5-7 тамызда Өзбекстан Республикасы Қаржы және экономика министрлігінің Кеден комитеті мен Халықаралық сауда орталығының делегациясы Алматы қаласына келді, сапар шеңберінде екі мемлекет арасында «Кедергісіз транзит» пилоттық жобасын іске асыру процестері мен тетіктері талқыланды.

    «Кедергісіз транзит» пилоттық жобасы әріптес елдердің экспорттық және транзиттік декларацияларын әріптес елдерде тауарлар мен көлік құралдарын кедендік декларациялауды жүзеге асыруды жеделдету үшін кейіннен транзиттік декларацияға түрлендірумен алдын ала ақпаратта автоматты түрде түрлендіруді көздейді.

    «Кедергісіз транзит» пилоттық жобасын іске асыру жүктердің кедендік шекара арқылы өтуін қысқартуға және оңайлатуға мүмкіндік береді.

     Сондай-ақ, 2026 жылғы 7 тамызда Өзбекстан Республикасының Қаржы және экономика министрлігі Кеден комитетінің делегациясы Жетісу облысы бойынша МКД-ның «Алтынкөл» кеден бекетінің қызметімен таныстырылды, оның шеңберінде Өзбекстаннан келген делегация жүктердің шекара арқылы кіруінен бастап, барлық рәсімдерден, оның ішінде аралас қызметтердің бақылауынан өтуін қоса алғанда, шығуына дейінгі өту процесімен және үшінші елдерге «Алтынкөл-Брест-Северный», «Алтынкөл-Сарыағаш», «Алтынкөл-Құрық» маршруттары бойынша үздіксіз транзитпен өтетін контейнерлік пойыздарды кедендік декларациялау кезінде мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарының қатысуынсыз толық автоматтандырылған процеспен таныстырылды.

    Тараптар «Кедергісіз транзит» пилоттық жобасын іске асыру үшін тұрақты негізде консультациялар жүргізуге уағдаласты.

Дата публикации
14 августа 2026
Дата обновления
14 августа 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Ақпарат
14 октября 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді
Пайдалы ақпарат
14 октября 2026
Кедендік құнды бақылау: қандай жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы