Жауап
Жеке тұлғаның басқа жеке тұлғадан өтеусіз негізде, оның ішінде сыйға тарту және мұрагерлік түрінде алған мүлкі (жұмыстар мен қызметтерді қоса) салық салу мақсатында жеке тұлғаның кірісі болып табылмайды, тиісінше ЖТС төлеудің қажеті жоқ.
Бұл ретте, бұл норма жеке кәсіпкер алған және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған мүлікке қолданылмайды.
Жауап
Меншік құқығында екі жылдан аз уақыт болған сыйға тартылған пәтерді сатқан кездегі құн өсімінен түсетін кіріс жеке тұлға үшін сату құны мен осы мүліктің бағалау құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалуы мүмкін.
Бұл ретте, бағалау құны деп мүлікке салынатын салықты есептеу үшін Мемлекеттік корпорация айқындаған, сатылған (берілген) мүлікке меншік құқығы пайда болған жылдың 1 қаңтарындағы мүлік құны танылады.
Ерекшелік: егер мүлік 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін өтеусіз алынып, 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін сатылса, онда мүліктің меншік құқығында болу мерзімі 1 жылдан кем қолданылады.
Жауап
Өтеусіз алынған мүлікті сатқан кезде құн өсімінен түсетін кіріс осы мүліктің сату құны мөлшерінде айқындалады, себебі бұл жағдайда сатып алу құны болмайды.
Сонымен қатар, Салық кодексінде сатып алу құнының орнына мыналар қабылдануы мүмкін болатын жекелеген жағдайлар көзделген:
1) бұрын өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріске қосылған құн – өтеусіз алынған мүліктің құны жеке кәсіпкердің салық салынатын кірісіне немесе жеке тұлғаның салық салынатын кірісіне қосылған жағдайда;
2) нарықтық құн – мұрагерлік, қайырымдылық көмек түрінде алынған мүлікті сатқан (берген) кезде;
3) бағалау құны – жеке тұлғалардың мүлік салығы салынатын объект болып табылатын мүлікті сатқан (берген) кезде;
4) кадастрлық (бағалау) құны – жер учаскесін сатқан (берген) кезде;
5) нөлдік құн – барлық басқа жағдайларда.
Бұл ретте, нарықтық құн деп сатылатын (берілетін) мүлікке меншік құқығы пайда болған күндегі нарықтық құн танылады, ол Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау есебінде айқындалады. Бағалау құны деп Мемлекеттік корпорация мүлік салығын есептеу үшін айқындаған, сатылған (берілген) мүлікке меншік құқығы пайда болған жылдың 1 қаңтарындағы мүлік құны танылады. Кадастрлық (бағалау) құны деп мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорация айқындаған кадастрлық (бағалау) құны танылады.